Жастар ұйымдары

"Ақиқат"

 

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуы, оның адамгершілік, интеллектуалдық әлеуетін, әлеуметтік мәртебесін, саяси, құқықтық және рухани мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау үшін әлеуметтік-экономикалық және басқа жағдайларды жасауға қатысуы.

«Ақиқат» пікірталас орталығы бүгінгі таңдағы оқушылар мен студенттердің бір арнаға тоғыстырған диаглогтік алаң болып табылады. Талқыланатын тақырыптар бүгінгі де маңызды, студент жастар арасында қызығушылық туғызады. Ақиқаттықтар «Қазіргі Қазақстан жастарының алдағы мақсаты қандай?», «Қазақстан 2050» бағдарламасына жастардың қосар үлесі қаншалықты?», «Дін және жастар» сияқты сұрақтарға жауап іздейді. «Ақиқат» пікір-талас орталығы қазіргі таңда облыстағы жоғары, арнаулы оқу орындары мен қатар мектептермен белсенді түрде бірлесе жұмыстар атқарып жүр. «Ақиқат» пікірталас орталығының жүргізген зерттеуі бойынша дәл осындай үлгідегі жұмыс студент жастардың ойлау қабілетін арттырады, ұтымды және шешен сөйлеу дағдысын қалыптастырады. 

Our address

Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162

tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.