БҚУ студенттерінің Анытқабірге тағылымды сапары

Батыс Қазақстан М. Өтемісов атындағы университеті мен Анкара қаласындағы Хажеттепе университеті арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы келісім аясында Түркияда білім алып жүрген студенттеріміз Гүлсезім Лесовна мен Орысбай Несібелі 2026 жылғы 10 қарашада Түркия Республикасының негізін қалаушы, ұлы мемлекет қайраткері Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 88 жыл толуына орай Анытқабірге тағзым етті.

Хажеттепе университетінің Тарих бөлімінде білім алып жүрген студенттеріміз осы мағыналы сапар барысында Ататүрікті құрметпен, ризашылықпен және сағынышпен еске алып, Түркия Республикасының тарихындағы аса маңызды тарихи орындардың бірін өз көзімен көру мәртебесіне ие болды.

Университеттеріміз арасындағы академиялық ынтымақтастықпен қатар, тарихи және мәдени байланыстарымызды да нығайта түсетін бұл тағылымды сапарға зор қуаныш білдіреміз. Студенттерімізге оқуда табыс тілейміз!

Ұлы Мұстафа Кемал Ататүрікті құрметпен, ризашылықпен және сағынышпен еске аламыз!

Our address

Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162

tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.