«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162, тел.: 508611,
бос лауазымдық орындарға байқау жариялайды.
Білім беру бағдарламаларының білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент): (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар тұлғалар): биология, химия ғылымдары және қоршаға орта.
Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура). Біліктілікті арттыру курстары, практикалық тәжірибе.
Қауымдастырылған профессор (доцент) / профессор - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі бар /өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және ( немесе) мемлекеттік наградасы бар және " қауымдастырылған профессор" ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Негізгі еңбек функциялары: 1. Оқыту. 2. Ғылыми зерттеулер жүргізу. 3.Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру. 4.Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.
соңғы 3 жыл ішінде Web of Science базасындағы Q1–Q3 квартильдеріне кіретін журналда кемінде 1 мақаланың немесе Scopus базасында CiteScore бойынша процентиль көрсеткіші 35 және одан жоғары журналда кемінде 1 мақаланың не Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК) грифі бар кемінде 1 оқу-әдістемелік басылымның болуы;
соңғы 3 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 3 мақаланың болуы.
Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент): (ғылыми дәрежесі бар) ("ғылым кандидаты", "ғылым докторы" ғылыми дәрежесімен, "философия докторы (PhD) (Пейджди)/ бейіні бойынша доктор" дәрежесімен / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар): биология, химия ғылымдары және қоршаға орта; тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау; мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы; құқық; әлеуметтік ғылымдар.
Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура) жоғары білім, маман. Біліктілікті арттыру курстары. Оқытушы лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл және ғылыми дәрежесінің / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар). Қауымдастырылған профессор (доцент) - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық,ғылыми-зерттеу, ғылыми - әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Еңбек функцияларының тізбесі: 1. Оқыту. 2. Ғылыми зерттеулер жүргізу. 3.Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру. 4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.
Соңғы 3 жыл ішінде Web of Science базасындағы Q1–Q4 квартильдеріне кіретін журналда кемінде 1 мақаланың немесе Scopus базасында CiteScore бойынша процентиль көрсеткіші 25 және одан жоғары журналда кемінде 1 мақаланың не Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК) грифі бар кемінде 1 оқу-әдістемелік басылымның немесе Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 2 мақаланың болуы.
Білім саласындағы оқытушы, Аға оқытушы/сеньор-лектор (ғылыми дәрежесі жоқ): биология, география, химия мұғалімдерін дайындау.
Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім ( ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман. Біліктілікті арттыру курстары практикалық тәжірибе. Аға оқытушы /сеньор-лектор/ (ғылыми дәрежесі жоқ) балама - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура), ассистент лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл. ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Негізгі еңбек функциялары: 1. Оқыту. 2. Ғылыми зерттеулер жүргізу. 3.Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру. 4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.
Соңғы 3 жыл ішінде Web of Science базасындағы Q1–Q4 квартильдеріне кіретін журналда кемінде 1 мақаланың немесе Scopus базасында CiteScore бойынша процентиль көрсеткіші 25 және одан жоғары журналда кемінде 1 мақаланың не Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақаланың болуы және/немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК) грифі бар кемінде 1 оқу-әдістемелік құралының болуы.
Білім саласындағы оқытушы, ассистент: тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау; шетел тілдері мен әдебиет мұғалімдерін дайындау; математика мен физика мұғалімдерін дайындау; биология, химия ғылымдары және қоршаға орта; педагогика және психология; бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау; көркем еңбек және мектептегі дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын дайындау; әлеуметтік ғылымдар; музыка мұғалімдерін дайындау; орындаушылық өнер мамандарын дайындау; информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау; дене тәрбиесі кафедрасы.
Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман. Біліктілікті арттыру курстары практикалық тәжірибе. Қызметтің негізгі мақсаты: ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Міндетті еңбек функциялары:
1. Оқыту.
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу.
3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру. 4.Білім алушы жастарды әлеуметтендіру.
Соңғы 3 жылда ғылыми еңбектер жариялағандар: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 1 мақала (тезис емес) және/немесе шетелдік ғылыми басылымдарда және/немесе ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында (халықаралық, республикалық, өңірлік) 2 мақала, сондай-ақ 1 оқу-әдістемелік құралдар.
Қажетті құжаттар тізімі:
- университет басқарма төрағасының атына өтініш;
- жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атақтары туралы дипломдарының көшірмесі (куәландырылған,жаңадан қабылданатын оқытушылар үшін);
- соңғы 3 жыл ішінде кемінде 72 сағат көлемінде білім беру бағдарламасы бойынша, көлемі кемінде 72 сағат болатын инклюзивті білім беру саласындағы және көлемі кемінде 18 сағат болатын жасанды интеллект саласындағы біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткені жөніндегі сертификаттарының көшірмесі
- ғылыми еңбектер мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
- №075 үлгісіндегі медициналық анықтама (жаңадан қабылданатын қызметкерлер үшін). Университет қызметкерлері конкурс өткізілетін уақытта жұмысқа жіберу жайлы белгісі бар медициналық кітапшасын көрсетеді.
- соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының наркологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының психоневрологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (ғылыми еңбектер тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хат), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Бос лауазым орындарының конкурсына қатысу туралы өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі. Құжаттар 10.11.2026 ж – 24.11.2026 ж. сағ. 18.00 ге дейін университет сайтында қабылданады.

