Әкімшілік

<strong>Әуесбай Қанат Әуесбайұлы</strong>
Әуесбай Қанат ӘуесбайұлыБасқарма мүшесі – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, филология ғылымдарының кандидаты

Қабылдау уақыты:
сейсенбі, 15.00-17.00

Мекен - жайы: Н.Назарбаев даңғылы 162, №1 ғимарат, 213 кабинет

Телефон: 8(7112) 51-51-90

Е-mail:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

Миссиясы: кәсіби біліктілігі жоғары, рухани-адамгершілік тұрғысынан жетілген кәсіпқой мамандарды даярлау.

Мақсаттары мен міндеттері:

- қазіргі қоғамның талаптарына сай, жан-жақты қасиеттерді бойына жинақтаған болашақ маман тұлғасын қалыптастыру; 

- еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды қалыптастырудың нақты әрі жастар үшін қолжетімді моделін құрастыру. 

Жоғары оқу орнының әлеуметтік-тәрбиелік саясатының негізгі бағыттары:

  1. Жастар саясаты;
  2. Әлеуметтік – мәдени орта;
  3. Университет әлеуетінің корпоративтік патриотизмі.

Бөлімдер:

  • Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті;
  • Әлеуметтік зерттеулер орталығы;
  • Қоғамдық даму департаменті;
  • Университет мұражайы;
  • Дәрігерлік бөлімше;
  • Спорт секциясы.

Университеттің студент жастары білім алу кезінде тұлғалық қалыптасудың бірнеше сатысынан өтеді. Өзін-өзі тану, өзін-өзі мойындату және өзін-өзі жетілдіруде құзіреттіліктерін қалыптастырады. 

Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім студенттерді алауыздықтан бойларын аулақ ұстауға, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұруға, діннің қоғамда алатын орны мен рөлін дұрыс ұғынуға, мемлекеттің тілдік және этносаясат бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді.  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы – еліміздің тарихындағы маңызды әрі мерейлі белестердің бірі. Жоспарланған іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жүйелі түрде өткізілуде.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері 95 жылдық тарихы бар білім ордасының дамуына үлес қосып, білім мен ғылымның сапасын арттыруға, білікті мамандар даярлауға және БҚУ-дың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін табысты жүзеге асыруға жұмыла қызмет етуде.

Біздің мекенжай

Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.