Экология және биогеохимия сынақ зертханасы

Экология және биогеохимия сынақ зертханасы

Экология және биогеохимия сынақ зертханасы (ЭБСЗ) «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Сынақ зертханасының басшысы – Нигметова Гаухар Уагадиевна.

Зертхананың мақсаттары мен міндеттері

Экология және биогеохимия сынақ зертханасының қызметі төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

  1. Қоршаған ортаның жай-күйін сынау және бағалау – қоршаған ортаның әртүрлі нысандарын зерттеу, алынған деректерді жинау, өңдеу және түсіндіру.
  2. Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету – нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау, сынақтардың толық, дұрыс және объективті жүргізілуін қамтамасыз ету.
  3. Сапа жүйесін қолдау – химиялық-аналитикалық сынақтардың сапа жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
  4. Зерттеу әдістерін жетілдіру – өлшеудің жаңа әдістемелерін, заманауи өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарын меңгеру және енгізу.
  5. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру – сынақтардың қажетті дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, сондай-ақ қолданыстағы талаптарға сәйкес аттестаттау іс-шараларын уақтылы өткізу.

Қызметтің нормативтік-құқықтық негізі

Экология және биогеохимия сынақ зертханасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік стандарттарды және техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтік құжаттарды, сондай-ақ Сынақ зертханасы туралы бекітілген ережені басшылыққа алады.

Экология және биогеохимия сынақ зертханасы көрсететін қызметтер

Зертхана төмендегі өнімдер мен қоршаған орта нысандарына сынақ жүргізеді:

Ауыз су үлгілеріне химиялық талдау жүргізу. Төмендегі көрсеткіштер бойынша:

  • Органолептикалық көрсеткіштер, хлоридтер, жалпы кермектілік, белсенді хлор, фторидтер, бор, құрғақ қалдық, нитраттар, сульфаттар;
  • Ауыр металдар (Pb, Cd, Cu, Zn, Co, Ni, Fe, Mn).

Табиғи су үлгілеріне химиялық талдау жүргізу. Құрамындағы заттарды анықтау:

  • Катиондық-аниондық құрамы (pH, CO32-, HCO3-, K+, Na3, Ca2+, Mg2+, Cl-, SO42-);
  • Суда ерімейтін заттар, кермектілік, жалпы сілтілік, тотығу көрсеткіші, құрғақ қалдық, белсенді хлор, жалпы фосфор, бор, мұнай өнімдері.

Топырақ үлгілеріне химиялық талдау жүргізу. Төмендегі параметрлер бойынша:

  • Су сығындысының катиондық-аниондық құрамы (pH, CO32-, HCO3-, K+, Na3, Ca2+, Mg2+, Cl-, SO42-);
  • Ылғалдылық, меншікті электр өткізгіштік, тұз сығындысының pH көрсеткіші, сіңірілген негіздердің қосындысы, гидролитикалық және алмасу қышқылдығы, жылжымалы күкірт, алмасу аммонийі мен алюминийі, нитраттар, катион алмасу сыйымдылығы;
  • Био-фильді элементтер (N, P, K) және топырақтың органикалық заттары;
  • Ауыр металдар (Pb, Cd, Cu, Zn, Co, Ni, Fe, Mn).

Мұнай қабаттарын суландыруға арналған су үлгілеріне химиялық талдау жүргізу. Төмендегі көрсеткіштер бойынша:

  • pH (сутектік көрсеткіш);
  • Күкіртсутек;
  • Мұнай.

Байланыс ақпараты
Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 121
Телефон: 26-03-86
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Біздің мекенжай

Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.