
Сенім телефоны: 8 (7112) 50-41-50
Жедел желі телефоны: 8 (7112) 50-34-77
Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясының негізгі мақсаты:
- Сыбайлас жемқорлық белсенділігінің алдын алу және оны бейтараптандырудың тиімді жүйесін құру;
- Адалдықты көтермелеу арқылы жоғары оқу орны қызметінің барлық саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу;
- Жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әлеуетін күшейту.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясының негізгі міндеті:
- Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін және жоғары оқу орнын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету;
- Жоғары оқу орны қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, жемқорлықты ұнатпаушылық ахуалын және қызметкерлер мен студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын қарастыру;
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы қызметінің негізгі бағыттары
- Сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу мақсатында ҚР заңдары мен нормативті актілерін насихаттау және мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік актілердің талаптарын орындау.
- Жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту.
- Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттемелерінен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында университет ПОҚ мен студенттерінің Ішкі істер басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, Әділет басқармасы өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру.
- Институт/факультеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстардың барысын (нәтижесін) бақылау.
- Сыбайлас жемқорлық мәселелерін тану мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізу.
- Сенім телефонының жұмысын ұйымдастыру.
- «Объективті емтихан» акциясын ұйымдастыру және нәтижелерін талдау.
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес барысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін университет газеті мен теледидарында жариялап отыру.
- Университетте кездескен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қызметкерлер мен студенттердің арызын қабылдау және анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну.

