Құзыреттілік орталығы

Орталық туралы

Құзыреттілік орталығының басшысы:  Телагисова Дарина Шаумауратқызы.
Құзыреттілік орталығы
Құзыреттілік орталығы «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін университет Жарғысы мен Орталық туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Университеттің ұйымдық құрылымында Орталық Стратегиялық даму және инновациялар департаментінің директорына бағынады.
Қызметінің миссиясы мен мақсаттары
Орталықтың миссиясы — экономика мен білім беру саласындағы өзгерістер жағдайында үздіксіз білім алуды және мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттерді дамытудың заманауи, икемді және тиімді жүйесін қалыптастыру.
Орталық қызметінің негізгі мақсаттары:
•    мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту және біліктілігін арттыру;
•    оқытушыларды білім берудің жаңартылған мазмұны мен заманауи білім беру технологияларын енгізуге даярлау;
•    білім беру жүйесінің өзекті және перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік сүйемелдеу;
•    бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау сапасын арттыру;
•    білім беру үдерісін басқаруды жетілдіру.
Орталық Ұлттық біліктілік жүйесінің құралдарын білім беру ортасына енгізу жөніндегі сараптамалық-әдістемелік платформа қызметін атқарады.
Негізгі міндеттері
Орталықтың қызметі университеттің білім беру және ғылыми-әдістемелік ортасын кешенді дамытуға бағытталған және мынадай міндеттерді қамтиды:
•    оқытушылардың педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттерін дамыту;
•    университеттің әдістемелік жұмысын үйлестіру және жүйелеу;
•    педагогика және білім беру технологиялары саласындағы білімді жаңарту және тереңдету;
•    білім беру үдерісін регламенттейтін нормативтік-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу және енгізу;
•    заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық шешімдерді енгізу;
•    оқытудың нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру;
•    профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамыту;
•    озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау және тарату;
•    ғылым мен практика жетістіктері негізінде білім беру үдерісін жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
•    университеттің әдістемелік қызметін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
Қызметінің негізгі бағыттары
Құзыреттілік орталығы өз қызметін мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау
•    оқытушылардың Қазақстан Республикасының және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында біліктілігін арттыруын ұйымдастыру;
•    жоғары білім берудің өзекті мәселелері бойынша курстар, тренингтер және білім беру бағдарламаларын өткізу;
•    тілдік құзыреттерді дамыту (мемлекеттік және шет тілдері).
Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу
•    университеттің әдістемелік жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру;
•    Академиялық кеңестің қызметін үйлестіру;
•    нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындау;
•    білім беру бағдарламаларын әзірлеуді сүйемелдеу. (алып тастау керек)
Білім берудегі инновациялар
•    білім берудегі жаһандық және ұлттық үрдістерге мониторинг жүргізу;
•    заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық құралдарды енгізу;
•    инновациялық педагогикалық практикаларды апробациялау және тарату.
Кадрлық әлеуетті дамыту
•    оқытушылардың кәсіби және ғылыми деңгейін арттыру;
•    профессор-оқытушылар құрамының шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамыту;
•    тәлімгерлікті ұйымдастыру және жас оқытушыларды сүйемелдеу.
Ғылыми-әдістемелік қызмет
•    конференциялар, семинарлар және вебинарлар ұйымдастыру және өткізу;
•    оқу-әдістемелік әдебиеттер мен электрондық ресурстарды басып шығару;
•    озық педагогикалық тәжірибені жүйелеу және тарату.
Өзара іс-қимыл және әріптестік
•    мемлекеттік органдармен, білім беру ұйымдарымен және кәсіби қауымдастықтармен ынтымақтастық орнату;
•    кәсіби біліктіліктерді тану жүйесін дамытуға қатысу;
•    жұмыс берушілермен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.
Үздіксіз білім беру және қайта даярлау
•    тыңдаушылардың әртүрлі санаттары үшін қосымша және формалды емес білім беру бағдарламаларын іске асыру;
•    педагог қызметкерлерді, мамандарды және бизнес өкілдерін оқытуды ұйымдастыру;
•    педагогикалық білімі жоқ мамандарды қайта даярлау.

 

Қызметкерлер (фото)

-    Сарбалина Бағида Диясқызы, әдіскер
-    Әділханова Әсем Әлжанқызы, әдіскер
-    Төлегенова Айнагүл Жасқайратқызы, әдіскер
-    Ермекбаева Лаура Жасұзаққызы, әдіскер

Біздің мекенжай

Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.