Бөлім туралы

Тіркеу офисі – білім алушылардың оқу жетістіктерін тіркеуді, білім беру траекториясын қалыптастыруды және оқу процесінің академиялық рәсімдерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі.
Тіркеу офисінің негізгі мақсаты – білім алушыларға сапалы академиялық қызмет көрсету, оқу нәтижелерін дұрыс әрі ашық есепке алу және білім алушының оқуға қабылданған сәтінен бастап оқуын аяқтағанға дейінгі академиялық деректерін сүйемелдеу.
Тіркеу офисінің негізгі қызметтері:
- білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді ұйымдастыру;
- жеке оқу жоспарын қалыптастыру және оған өзгерістер енгізу рәсімдерін үйлестіру;
- білім алушылардың оқу жетістіктері мен академиялық нәтижелерін тіркеу;
- ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау нәтижелерінің ақпараттық жүйеге уақтылы енгізілуін бақылау;
- білім алушылардың үлгерім көрсеткіштерін және орташа үлгерім балын (GPA) есепке алу;
- академиялық қарыздарды жою және пәндерді қайта оқу рәсімдерін ұйымдастыру;
- транскрипттерді қалыптастыру және беру;
- жазғы семестрге тіркеуді ұйымдастыру;
- білім алушыларды курстан курсқа көшіру жөніндегі ақпаратты дайындау;
- ауысу, қайта қабылдану және академиялық ұтқырлық кезінде пәндер мен оқу нәтижелерін қайта есептеу рәсімдеріне қатысу;
- білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы академиялық мәліметтерді жүргізу;
- мемлекеттік емтихандар мен қорытынды аттестаттау нәтижелерін тіркеу;
- дипломдар мен олардың қосымшаларын рәсімдеуге қажетті академиялық мәліметтерді дайындау;
- білім алушыларға оқу процесі мен академиялық рәсімдер бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсету.
Тіркеу офисі білім алушыларға келесі мәселелер бойынша қызмет көрсетеді:
- оқу пәндеріне тіркелу;
- жеке оқу жоспарын қалыптастыру;
- транскрипт алу;
- академиялық қарыздарды жою;
- жазғы семестрге қатысу;
- пәндерді қайта оқу;
- оқу нәтижелерін қайта есептеу;
- GPA көрсеткішін анықтау;
- емтихан сессиясы мен қорытынды аттестаттау мәселелері;
- академиялық мәртебесі туралы ақпарат алу.
Тіркеу офисі өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, университет Жарғысын, Академиялық саясатты және университеттің ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
Тіркеу офисінің қызметі академиялық адалдық, ашықтық, объективтілік, дербес жауапкершілік және білім алушыларға тең жағдай жасау қағидаттарына негізделеді.
Кадрлық құрам
Кадрлық құрам










