Қазақтың ұлттық ойындары – түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасы

2026 жылғы 9 қарашада ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Назгүл Бақтығалиқызы Сабырғалиеваның ұйымдастыруымен «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері мен Түркия Республикасының Ардахан университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген студенттердің қатысуымен танымдық-мәдени шара өтті.

Шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстыру, олардың шығу тарихы мен тәрбиелік мәнін түсіндіру, сондай-ақ қазақ және түрік халықтарына ортақ мәдени құндылықтарды дәріптеу. Кездесу барысында қатысушылар ұлттық ойындардың халық тұрмысымен, салт-дәстүрімен және жас ұрпақты тәрбиелеу жолдарымен байланысы туралы ой бөлісті.

Интерактивті форматта өткен шара студенттерге бір-бірінің мәдениетімен жақынырақ танысуға, пікір алмасып, ортақ тарихи-мәдени мұраны бағалауға мүмкіндік берді. Қазақ және түрік студенттері ұлттық ойындардың ерекшеліктерін талқылап, олардың халықтар арасындағы сабақтастық пен достықты нығайтудағы маңызына тоқталды.

Осындай кездесулер студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынасын дамытып, Қазақстан мен Түркия жастары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Біздің мекенжай

Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.