ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2026 жылғы 19 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте Муканова Нуржанат Ергеновна «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Студенттік ортадағы кибербуллингтің алдын алудың психологиялық-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Педагогика кафедрасында орындалды.

Отандық ғылыми кеңесші: Асылбекова Марзия Пазиловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Шет елдік ғылыми кеңесші: Хасан Арслан – философия докторы (PhD), Чанаккале Онсекиз Март университетінің профессоры (Түркия).

Нуржанат Ергеновнаны осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми-педагогикалық қызметінде толағай табыс, кәсіби өрлеу мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

 

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұжымы

 

Біздің мекенжай

Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.