Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті алғаш рет беделді QS World University Rankings: Asia 2027 халықаралық рейтингіне енді!
Рейтинг қорытындысы бойынша университет Азия жоғары оқу орындары арасында 1001–1100 орындар аралығында орналасып, Орталық Азия университеттері арасында 66-орынға ие болды.
Биылғы рейтингке Азияның 26 елі мен аумағынан 1722 жоғары оқу орны енді. Қазақстан атынан 51 университет ұсынылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті оқу орнына артық. Осылайша, Қазақстан Азия елдері арасында рейтингке енген университеттер саны бойынша 10-орынға ие болып, Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап қалды.
Сондай-ақ еліміздің үш жоғары оқу орны Азияның үздік 100 университетінің қатарына енді: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 46-орын, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – 62-орын, Satbayev University – 89-орын.
Махамбет университетінің халықаралық рейтингке енуі – жүйелі жұмыстың, кәсіби біліктілік пен ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Университет ұжымын тарихи жетістігімен құттықтаймыз! Алда жаңа мақсаттар мен биік белестер күтіп тұр!









