Құқықтық пәндер кафедрасының сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында жүргізген жұмысы

    19-05-1 19-05-2 19-05-3 19-05-4 19-05-52015-2016  оқу жылындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары 1 семестрде  университеттің әр факультетінде студенттермен кездесулер өткізіп, дәрістер оқып түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    2015 жылдың 13 қазанында факультет аясында 2015-2025 жж арналған сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясының құқықтық мәні және толықтырулар мен өзгерістер енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қатысты  заңды талқылау, таныстыру  бағытында  БҚО заңгерлер одағы,  БҚО соты, БҚО ІІД өкілдері мен  кездесу өтті. 

    БҚО бойынша құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен  студенттерге  құқықтық мәдениет пен  өзгеріске енген заңдарды түсіндіру, қылмыстылықтың алдын алу бағытында  дәстүрлі кездесулер өткізіліп тұрады. Сондай бағыттағы кездесу 2015 жылдың 21 қазанда  №1 оқу ғимаратының акт залында құқық қорғау органдары өкілдері (соның ішінде қалалық прокуратура, агенттік өкілдері, БҚО ІІД, БҚО сотының) мен студенттері арасында  құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында  кездесу өтіп, кафедраның аға оқытушысы, з.ғ.м. Самуратова  Айгул  Урынбаевна - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес заңының жаңашылдық тұстары» және аға оқытушы, з.ғ.м. Хабиева Элвира Серикбаевна «Противодействие коррупции на мировой арене» атты баяндамалар оқыды. Бұл мақалалар «Өркен»  газетіне баспаға берілді. Шараға кафедра оқытушылары  мен  студенттер қатысты.

    2015 жылдың 9 қарашасында құқық қорғау органдарының өкілдерімен  құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен университет көлемінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - әркімнің міндеті» атты  кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – азаматтық қоғаммен сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте  бірлесіп  жұмыстанып,  насихаттау болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы департаментінің өкілдері бейне ролик  көрсетіп,  баяндамалар оқылды. 

    Кафедра Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы департаменті мен үнемі тығыз байланыс ұстап, бірлескен шаралар өткізеді. 2015 жылдың 12 қарашасында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің, «Заманауи» қоғамдық бірлестігі, Орал қаласы мамандандырылған соттарының өкілдерінің қатысуымен Конститутциялық құқықтарды қорғау аясында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кафедраның аға оқытушысы А.У.Самуратованың «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен ойын сабағы өткізілді. 

    19-05-6 19-05-7Ойын-сабақтың мақсаты: қоғам дертіне айналған  сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төндіріп отырған қауіпі, онымен   күресу жолдары және  оның соңы неге алып келетіндігін қазірден бастап  студенттердің саналарына  қалыптастыру мақсатында оздырылуда. Жоспарланған шара нәтижесі - студенттердің білімін кәсіби деңгейде шыңдау. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының қоғамға қауіптлік дәрежесін көрсету және тағайындалатын жазаның ауырлығын көрсету (қолданыстағы жаңа заңға сәйкес) жатқызылады. Аталған шараға кәсіби бағдар жұмысының негізінде Орал қаласының №11 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернат кешенінің, Назарбаев интеллектуалдық мектебі, оқушылары мен мұғалімдері қатыстырылды.

    Сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы Э.С.Хабиева Батыс Қазақстан облысы  мемлекеттік сараптама орталығы ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау» тақырыбындағы семинарға қатысып марапаттау қағазына ие болды.  Аға оқытушы  Ж.Ә.Базарғалиева  агенттікте өткен  онлайн семинарға қатысты. 

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Ә.Нұртазин  студенттер мен кездесіп  қоғамдағы дертке айналған сыбайлас жемқорлық туралы айтып, бейне фильм көрсетті.

     

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи