«Жастар алаңы» атты сергіту сәті бағдарламасы өткізілді

    2021 жылдың 10 ақпанында М.Өтемісов атындағы БҚУ, Педагогика факультетінің Жатақхана студенттерімен ұйымдастырылған «Жастар алаңы» атты сергіту сәті бағдарламасы өткізілді. Бұл бағдарламаның мақсаты: студенттердің қоғамдық ортаға бейімделуі, өзара танысу, ұйымшылдыққа баулу, студенттік өмірдің қызығы мен қиыншылығы туралы баяндау. Студенттерді  адалдыққа,тапқырлыққа, жаман әдеттерден аулақ болуға, жан-жақтылыққа және мейірімділікке баулу.Педагогика факультетінің деканы Е.Г.Алгазиевна студенттерге арналған  кешті өз алғы сөзімен бастады.

    Жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі Абылай Оңғарұлы өз сөзінде жатақхана ішіндегі тәртіп, сыйластық, бір-біріне деген қамқорлық жайында және студент бойынан табылатын адамгершілік қасиеттерді сөз етті. Келесі В.Т.Бигельдиеваның «Тән тазалығы, жан тазалығы» атты дәрісінде қазіргі жер-жаһанды жаулаған індетке байланысты қалай қорғану керек екенін айқындап  ережелермен таныстырып өтті. Тазалық әр адамның сана сезімінен, отбасы тәрбиесінен, орта тазалығынан бастау алады.

    Шара барысында рухы биік, мақсаттары айқын студенттермен түрлі жарыссөздер, пікір алмасулар, сергіту сұрақтары болды. Кешті қорытындылай келе  Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтатар студенттер қатары көп болсын!

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи