25 ақпан күні М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультеті ұйымдастырған «Серпіліс» зияткерлік сайысы өткізілді.Мақсаты: студенттердің білімдерін жинақтап, тереңдету,шапшаңдыққа баулу, белсінділіктерін арттыру. Сайысқа 6 топ қатысты: DosLike ,Rhytm , Beri qara, Qyrandar, Q- елі, Biz birgemiz. Алғашқы кезең топ басшылар сайысы болды. Түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылды. Нәтижесінде «Rhytm» тобының топ басшысы 12 ұпаймен озып шықты. Келесі кезең «IQ» , студенттер түрлі эксперимент жасап өз танымдарын күшейтіп, логикаларын іске қосты. Осы сайыс барысында әр топтың ұйымшылдығы көрінді. DosLike , Qyrandar , Biz Birgemiz топтары ең жоғары нәтиже көрсетіп қоржындарына 5 ұпайдан түсті.Ендігі шешуші кезең «Жорға». Бұл кезеңде Абай 175 жылдығына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығана, Университет тарихына байланысты сұрақтар қойылды. Командалардың білім дәрежелері осы сайыс арқылы көрінді.
Жалпы қорытынды: Q- елі - 97 ұпай, Qyrandar- 76 ұпай , DosLike- 68 ұпайды қанжығаларына байлады.
Ақыл ой мен жүйріктікке баулыған сайыс студенттердің танымдық деңгейін көрсете білді. Сонымен бірге алған білімдерін сарапқа салды. Бірін-бірі тыңдай біліп, нақты жауапты ойланып айта білетіндіктері байқалды.