1 наурыз күні М.Өтемісов БҚУ, педагогика факультетінде Алғыс айту күніне орай онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттауға және қоғамда Ризашылық күнінің маңызын одан әрі нығайтуға ықпал ету. Студент жастарымыздың бойына патриоттық рухты, Қазақстан тарихы мен мәдениетін құрметтеу,ынтымақтастыққа, достық пен өзара қолдауға тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы студенттерге «Ақыл жастан, тәрбиесі болса...» атты қазақша баяндама жасаса, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Салов Владимир Юрьевич «Здоровье детей-здоровье нации» тақырыбында орысша баяндама жасады. Студенттер университет қабырғасында білім беретін оқытушыларына ой алмасу кезінде жүрек жарды лебіздерін айтып, алғыстарын білдірді.
Алғыс-ақ тілек, ізгі ниет. Алғыс- адам сезімі. Оны тартып та, сатып та алуға болмайды. Оған адам өзінің сыпайы мінезімен, әдептілігімен, қоғамға келтірген ерен еңбегімен ғана ие болады.