Географтар сайысы

    2021 жылдың 16 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен 5В011600-География мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІІІ Республикалық пән олимпиадасы оздырылды.  Білім додасының мақсаты студенттердің география пәні бойынша теориялық және практикалық білім деңгейін анықтау, шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, қазіргі өаманғы ғылыми мәселелерді шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту болып табылады. Олимпиадаға Қазақстанның түпкір-түпкірінен 21 команда қатынасты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды (теориялық кезең және практикалық кезең). Олимпиаданың әділ-қазылары Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Сейтбек Бекенович Қуанышбаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, география ғылымдарының докторы Орденбек Блисбекұлы Мазбаев және т.б төрағалық жасады. Олимпиада қорытындысы бойынша командалық есепте М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті атынан қатынасқан екі команда жүлделі ІІ және ІІІ орындар иеленді. Сонымен қатар, жекелей есепте ІІІ орынды 4 курс студенті Сансызбай Батырбай иеленді. Командалар жетекшілері: география кафедрасының оқытушылары Мирас Амангелдіұлы Галимов, Ахан Асқарұлы Тургумбаев. Қатысушы командалар арнайы дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи