«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанынан құрылған білім және ғылым мәселелері бойынша кеңесінің кезекті отырысы отті. Кеңес отырысында өңіріміздегі білім саласындағы өзекті мәселелермен қатар «Nur Otan» партиясысының «Өзгерістер жолы: әр адамға лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасынада көрсетілген іс-шаралар, соның ішінде интернет желісі қамтамасыз етілуі және мектептердің құрылысының жүргізілу барысы аясында мәселелер қаралды. Кеңес отырысында білім және құрылыс басқармасының басшылары күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша жауап беріп, кеңес мүшелеріне Жол картасына сәйкес жүргізіліп жатырған жұмыстар бойынша баяндады. Құрлыс басқармасы басшысы Антазиев Алибек баяндамасында Казталов ауданы, Сарқұдық ауылының мектеп құрлысының барысын баяндап, алдағы уақытта құрлыс жұмыстарының жанданатынын және жыл соңына дейін мектеп қолданысқа берілетінін жоспарға енгізді.