Расписание  Ресурсы ЗКУ   Call-центр

Виртуальная приемная и call-центр

 

Идентификатор

690 546 6645

Пароль    2121

Телефоны

+7 702 790 3797           +7 775 121 6487

+7 775 236 3682           +7 771 691 4545

+7 707 373 2984           +7 777 314 8207

 

    Информатика кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді

    "Түлектердің әдістемелік қалыптасуындағы проблемалар мен ұсыныстар"

    14.01.2022 ж. күні информатика кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары аясында “Түлектердің әдістемелік қалыптасуындағы проблемалар мен ұсыныстар” атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған физика- математика факультетінің деканы ә.ғ.к., доцент Д.Б.Абулкасова, кафедра оқытушылары, 2016, 2017 және 2021 жылы информатика мамандығын бітірген Ақтөбе, Атырау, Орал қаласының және ауыл мектептерінің түлектері және 3,4- курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстел Google Meet платформасында ұйымдастырылды.

    Дөңгелек үстелдің шымылдығы М.Өтемісов атындағы БҚУ туралы бейне фильмді демонстрациялаумен ашылды. Содан кейін түлектер университет қабырғасында жүрген студенттік күндері мен қазіргі кездегі қызметтерін бейне фильм арқылы көрсетті.

    Сонан соң түлектер дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы бойынша сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Алдымен сөз 2016ж. түлектерге берілді.

    Жиенгалиев Талғат Арманұлы. Ол өз сөзінде Орал қаласында ТМК-Казтрубпром компаниясында бағдарламалаушы- электроншы болып қызмет атқаратынын, университет қабырғасында бағдарламалау тілінен оқыған білімінің пайдаға асқанын, қазіргі кезде өзі жасайтын компанияда техникалық бағытта Step7, LAD, STL, FBD бағдарламаларымен жұмыс жасайтынын айтты.

    Қуат Алтын Қуатқызы. БҚО, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы, С.Ошанов атындағы ЖОББМ, информатика пәнінің мұғалімі, педагог- модератор. Ол өз сөзінде алғаш мектепке барған кездегі қиыншылықтарға тоқталды. Олар: 1) жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру 2) Робототехника бөлімін оқыту 3) Бағдарламалау тілін оқытуда С++ тілінің орнына Python бағдарламалау тілінің енгізілуі. Дегенмен, осы айтылғандарды өз бетінше меңгеріп, тәжірибе жинақтап, жоғары көрсеткіштерге жетіп, оқушыны дайындай алатын деңгейге жеткенін айтты.

    Ғаділ Айжан Нұрболатқызы. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ЖОББМ, информатика- математика пәнінің мұғалімі. Ол өз еңбек жолын Жаңақала аудандық білім беру бөлімінде әдіскер болып бастағанын, сол кезде жауапты жұмыста қиыншылықтар кездескенін, математика пәнінің мұғалімі ретінде екінші жоғары білімді алғаннан кейін мектепте мұғалім болып жасайтынын айта келіп, студенттерге осы шақтың өте қызықты екенін, қиын сатылардың еңбекке араласқаннан кейін кездесетініне тоқталып, оларға ақ жол тіледі.

    Дуюсенгалиева Баянсұлу Серіккалиевна. БҚО, Бәйтерек ауданы, Макаров ЖОББМ, информатика пәнінің мұғалімі, педагог- модератор. Ол өз қызметінде Python бағдарламалау тілі және Робототехника бөлімін оқытуда қиыншылықтар кездескенін, биылғы жылы 1- сыныпқа «Цифрлық сауаттылық» пәнінің енгізілгенін айтты.

    Айшуақова Бекзат Қаныбекқызы. БҚО, Ақжайық ауданы, Кеқсуат НМ, пәні мұғалімі. Ол өз сөзінде 1-9 сыныптарда информатика пәнінен сабақ беретінін, сонымен қатар инженер-техник қызметін атқаратынын айтты. Бастапқы жылдары мектепке үйрену, ұжыммен және оқушымен тіл табысуда аздаған қиыншылықтар болғанымен, қазіргі кезде мектепте Күнделік.kz, НОБД, онлайн шараларға жауапты маман ретінде беделді мұғалімдердің бірі болғанын айтып, білім мен тәрбие берген кафедра оқытушыларына алғысын білдірді.

    Сонан кейін сөз кезегін 2021 ж. бітірген түлектер алды.

    Ибраймов Дарын. Орал қаласы, Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, директордың ақпараттандыру ісінің орынбасары, информатика пәні мұғалімі. Ол пән бойынша сабақ беруде ешқандай қиындықтарға кездеспегенін, тек директордың ақпараттандыру ісінің орынбасары ретінде жауапты жұмыста құжатпен жұмыс жасауда аздаған қиыншылықтар болғанын айта келіп, кездескен мәселелерді шешу арқылы шыңдалуға болатынын, қазіргі кезде Робототехника, Медиа, Компьютерлік графика пәндерінен сабақ беріп жүргенін, университетте алған білімнің гимназия мен лицейде маман болып қалыптасуына толық жеткілікті екенін айтты.

    Ислямов Эльдар Жеңісұлы. Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының дизайн және баспа ісі және ІТ маманы, Атырау қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі. Ол өз сөзінде информатика мамандығын бітірген түлектің тек информатика пәні мұғалімі ғана емес, сонымен қатар өз бейімі мен қызығушылығына қарай дизайнер, сайт құрастырушысы, инженер-бағдарламаушы, мобилограф т.б мамандықтар бойынша қызмет атқаруға болатынына тоқтала келіп, өзінің жоғарыда айтылған екі қызметтен басқа Атырау қаласының Жаңаталап мәдениет үйінде дизайн маманы болып қосымша қызмет атқаратын айтты. Бейне фильм жасау, дизайн және иллюстрация жасаумен мектеп кезінен айналысатынын, студент кезде оны жалғастырып, енді маман ретінде өз ісімен айналысып жүргенін айта келіп, маман болып қалыптасуына ықпал еткен оқытушыларға алғысын білдірді.

    Зеріпбаева Диана. Ақтөбе қаласында №27 мектеп лицейінің информатика пәнінің мұғалімі. Ол карантин кезінде педагогикалық практиканың қашықтан өтуіне байланысты практиканың аздығы себебінен өзінің маман болып қалыптасуында қиыншылықтар болғанын, қазіргі кезде тәжірибе жинақтау жолында еңбектеніп жүргенін айтты.

    Семинар соңында студенттер атынан ақпараттық жүйелер мамандығының 4- курс студенті Еслямғали Еламан және информатика мамандығының 3-курс студенті Орынғали Аружан сөз алып, осындай пайдалы шараны өткізген кафедра ұжымына алғыстарын айтып, түлектерге жұмыстарына табыс тіледі.

    Семинар барысында п.ғ.к, доцент А.Б. Медешова сұрақтар қойып, түлектердің еркін пікір алмасуына атсалысып, белсенділік танытты.

    Соңында физика-математика факультетінің деканы Д.Б.Абулкасова сөз алып, семинар онлайн форматта өткізілсе де, бір бірімен сағына көріскен кафедра оқытушылары мен 6 жыл бұрын бітірген түлектердің арасында байланыс пен белсенділіктің жеткілікті деңгейде орын алғанын айтып, түлектердің алдағы қызметіне толағай табыстар мен биік жетістіктер тіледі.

    Қорыта айтқанда, екі жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан айтулы тақырыптағы семинар түлектердің маман болып әдістемелік қалыптасуындағы проблемаларды айқындап, оларды оқу үдерісін жоспарлағанда ескеру қажеттігі назарға алынды. Кафедра мамандықтарының оқу жоспарына «Python бағдарламалау тілі», «Робототехника» пәндерін тереңдетіп оқытуға көңіл бөлінуі соның айғағы болып табылады. Сонымен қатар осы бағытта кафедрада атқарылған жұмыстың нәтижесінде алынған лицензия бойынша «Информатика және робототехника» мамандығына алдағы оқу жылынан бастап студенттерді қабылдау жоспарланып отыр.

    Информатика кафедрасының
    ғылыми-әдістемелік семинар жетекшісі:
    Мухамбетова Ғ.Г.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript..

    Будь на связи