Ғылыми-әдістемелік апталық бастау алды

    Ағымдағы жылдың ақпан айының алғашқы он күндігінде «ЖОО-да және мектепте математиканы, физиканы және информатиканы оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік апталық басталды. Апталық 07.02.-11.02.2020 жж. аралығында жоспарланып отыр. Апталықтың мақсаты жоғарғы оқу орындары мен мектеп арасындағы байланыст нығайту, тәжірибе алмасу.

    Апталықтың ашылуы Google Meet платформасында жүзеге асырылды. Алдымен модератор физика-математика факультетінің деканы, ә.ғ.к., доцент Д.Б. Абулкасова апталықтың өту бағдарламасымен таныстырды. Ғылыми-әдістемелік апталыққа физика, математика, информатика кафедраларының ПОҚ жұмылдырылды. Оның ішінде ф.-м. ғ. к., доцент А.Е. Жумагалиева, ф.-м. ғ. к., доцент Б.В.Уланов, аға оқытушы, физика кафедрасының меңгерушісі Б.С. Имангалиева, аға оқытушы, математика кафедрасының меңгерушісі С.М. Маутеева, аға оқытушы М.М. Кадырбаев, аға оқытушы Ғ.Г. Мұхамбетова, аға оқытушы М.М. Иманғалиев, аға оқытушы Г.К. Амантурлина, аға оқытушы Ж.Ж. Багисов, оқытушы З.М. Химеденова, аға оқытушы, магистр Д.Н. Курмашева, оқытушы Е.С. Кубегенов, аға оқытушы, магистр Г.М. Айтенова, оқытушы, магистр Г.А. Узакбаева, оқытушы А.Н.Есенгалиева өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.

    Алғашқы әдістемелік шара ретінде бастау алған п.ғ.к., доценті А.Б. Медешова Google Meet платформасында онлайн форматта «Ғылыми ізденіс жол» атты дөңгелек стол болды. Осы дөңгелек столдан алған әсерім өте жоғары. Жас маман, бітіруші түлектер мен жас ғылымдарға керек ақпарат болды. Ғылыми мақала мен ғылыми баяндамаға қойылатын талаптарды, ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары жете тоқталып өтті. Оның ішінде көп кездесетін ауызша және жазбаша формалары жеке-жеке түсіндірілді (ауызша формалары баяндама, хабарлама, жазбаша жарияланған (монография, мақала, баяндама тезисі), жарияланбаған (қолжазба, диссертация, ғылыми-техникалық есеп)). Сонымен қатар презентацияны қалай жасау ережелеріне де тоқталды. Қазіргі кезде постер деп аталып жүр. Постерде аннотация, кіріспе, тапсырмалар, әдістерге талдау жасау, нәтиже, қорытынды, әдебиеттер тізімі болатынын көрсетті. Қорытындылай келе мақала мен баяндама айырмашылығы, постерлік баяндама, презентацияны баяндау жолдарын айтып кетті. А.Б. Медешова өз баяндамасынан кейін тыңдаушыларға сұрақ қойып өз пікірлерімен алмасты. Сәттілік тілеп апталық сәтті өтті.

    Информатика кафедрасының оқытушы, магистрі
    Б.С. Насырова

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи