«Оқу үрдісіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар»

    Жаратылыстану-география факультетінде әдістемелік апталығы басталды

    Ағымдағы жылдың ақпан айының 14-18  күндері аралығында Жаратылыстану-география факультетінде  «Оқу үрдісіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар»  тақырыбында әдістемелік апталық басталды. Апталық 14-18.02.2022 жж. аралығында жоспарланып отыр. Апталықтың мақсаты: оқу үрдісіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар арқылы оқытушылардың кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін дамыту және жоғарылату, тәжірибе алмасу және студенттердің білімдерін арттыру.

    Апталықтың ашылуы Google Meet платформасында жүзеге асырылды. Алдымен модератор жаратылыстану - география факультетінің деканы м.а Ә.Қ.Абдырахман апталықтың өту бағдарламасымен таныстырды. Әдістемелік апталыққа химия, биология және экология, география кафедраларының ПОҚ жұмылдырылды. Апталықтың ашылуына әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің аға сарапшысы Ш.Б.Абишева, әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің сарапшысы Л.Н.Темрешова қатысып, сөз сөйледі. Факультет деканы м.а. Ә.Қ.Абдырахман апталыққа белсенді қатысып, апталықтың жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.

    «Биология және экология» кафедрасы,  «Ботаника» үйірмесі және үйірме жетекшісі Ж.С.Кажымуратованың ұйымдастыруымен «Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» тақырыбында С.И.Исаевтың алма бағын қалпына келтіруші,  селекционер К. Каримовпен кездесу өтті.  Бір кездегі И.В.Мичурин С.И.Исаев   сынды селекционер ғалымдар шығарып кеткен алма сорттарын сақтап, көбейтіп болашақ ұрпаққа жеткізем деп еңбектенген Қайрат Каримов алма өсірудің қыр-сыры мен алма сорттарын таңдау, оларға керекті күтім жайында кеңес берді. Елімізде алма генофондын сақтап қалу үшін дәл осылай еңбектеніп отырған бүкіл посткеңестік елдерде тек жерлесіміз Қайрат, үнемі  Ресей ғалымдарымен кеңесіп отырады. Шара барысында факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері кеш қонағына өз сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи