14-18 ақпан күндері аралығында университетіміздің жаратылыстану-география факультетінде «Оқу үрдісіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар» тақырыбында апталық оздырылды. Осы апталық аясында химия кафедрасында университетіміздің 90 жылдығы мен кафедраның негізін қалаушы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Ирдан Нығметұлы Әзірбаевтың 110-жылдығына арналған әдістемелік апталық жұмысы өткізілді.
Апталық аясында кафедраның профессор-оқытушылары өздерінің жүргізетін пәндеріне байланысты ашық сабақтар өткізумен қатар, қала мектептерімен тығыз қарым-қатынас жасап, оқушылардың болашақ мамандық таңдауда қызығушылықтарын ояту және кәсіптік бағдар беру мақсатында, кафедра оқытушысы М.Мукашеваның жетекшілігімен 9-11 сынып оқушылар арасында химиялық турнир, х.ғ.к., аға оқытушы Н.В.Акатьев пен оқытушы К.К. Меңдіхан мектеп мұғалімдеріне олимпиадалық және конкурстық есептерді шығару бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылып, өткізілді.
Апталық барысында кафедраның профессор-оқытушылары өздерінің жүргізетін пәндеріне байланысты ашық сабақтар өткізді. Атап айтсақ, п.ғ.к. С.Г. Айтуганова МХ-11 тобында «Теория и методика обучения химии» пәнінен «Нормативно-техническая документация уебного процесса» тақырыбында, кафедраның аға оқытушысы Б.С. Сейфуллинаның «Самостоятельная работа учащихся как условие развития их познавательной активности в изучении химии на английском языке» және х.ғ.к., аға оқытушы Н.В.Акатьевтің «Биядерные комплексы меди (II) как катализатор образования CN-связи реакции Чана-Эванса-Лэма» тақырыбындағы химия кафедрасының оқытушыларына арналған ғылыми-әдістемілік семинар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.
Әдістемелік аптаны қорытындылай келе х.ғ.к., аға оқытушы Г.Ж. Сдикованың жетекшілігімен 17-ші ақпан күні «Актуалные проблемы современного химиеского образования в средней школе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Орта мектепте қазіргі заманғы химиялық білім берудің ең өзекті мәселелері бойынша қызу және қызықты пікір алмасу болды. Дөңгелек үстел жұмысына кафедра оқытушылары, қаланың түрлі білім беру мектептерінің мұғалімдері, қалалық білім бөлімінің өкілдері қатысты, атап айтсақ Сапарова Нұргүл-«БИЛ» химия пәнінің мұғалімі, Жаннатова А.К.-Д.А. Қонаев атындағы № 44 мектеп-гимназиясының педагог-зерттеушісі, Қазиханова Э - С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі, Сейталиева Бану- Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі.
N43 орта білім беру мектебінің директоры Биғазиева Райхан мектептегі химиялық білім берудің нормативтік-техникалық құжаттамасы туралы мағұлмат берді.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, білім бөлімінің өкіліне берілді.