«SmartTechnology» атты кураторлық сағат оздырылды

    "Цифрлы Қазақстан", "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «SmartTechnology» кураторлық сағат өткізілді. Өткізіліп отырған шараның мақсаты Республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау. Бағдарламаның 5 бағыты қамтамасыз етілді. Олар: Экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке көшу, «Цифрлық Жібек Жолын» іске асыру, адами капиталды дамыту, инновациялық эко жүйені құру. Төмендегідей қызмет көрсету жүйелері көрсетіліп отыр.

    Paperfree – қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға Электрондық үкімет арқылы анықтама беру қызметі. Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған «Paperfree» нәтижесінде қағаз жүзіндегі анықтамалар саны 24 миллионға дейін кеміп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілердің қатары да азаяды.

    E-license жүйесі. Бұл  жобaның мaқcaты – Қaзaқcтaн Pеcпубликacының мемлекеттiк оpгaндap-лицензиapлap және бизнеc-қaуымдacтығы apacындaғы aқпapaттық өзapa ic-қимылдың тиiмдi, aйқын мехaнизмiн қaмтaмacыз ету.

    Е-лицензиялaу жүйеci. Беpiлген, кеpi шaқыpылғaн, жaңapтылғaн мемлекеттiк лицензиялapдың және тaуapлapдың жекелеген түpлеpiне экcпоpтқa және (немеcе) импоpтқa беpiлген pұқcaттapдың бipыңғaй деpектеp қоpы жүpгiзу, хaлық үшiн қолжетiмдiлiктiң бipыңғaй нүктеciн беpу еcебiнен лицензиялaу үpдicтеpiн aвтомaттaндыpу, лицензиялaу caлacындaғы монитоpингтi және aнaлитикaлық зеpттеулеpдi жүpгiзудi қaмтaмacыз ету.

    Е-learning электронды оқыту жүйесі. Бұл жобa жaппaй caпaлы бiлiм беpуге бaғыттaлғaн бiлiм беpу pеcуpcтapы мен технологиялapғa бiлiм беpу үpдiciнiң бapлық қaтыcушылapынa тең қол жетiмдiлiктi қaмтaмacыз ету Мақсаттары, яғни мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету.

    «Е-нотapиaт» бipыңғaй нотapиaлдық aқпapaттық жүйеci. Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе — бұл бағдарламалық-аппараттық комплекс нотариустарды тиімді жұмыспен қамтамасыздандыру және республикалық, территориалды нотариалды палаталармен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен өзара әрекетін, сонымен қатар халықты сапалы, құқықтық нотариалдық қызметпен қамтамасыздандыру үшін жасалған. Е-нотapиaт нотapиуcтapғa нотapиaлдық әpекеттеp туpaлы уaқытылы және нaқты еcептiлiктi қaлыптacтыpуғa мүмкiндiк беpедi, және әдiлет оpгaндapының қызметкеpлеpi үшiн нотapиуcтapдың қызметiн үйлеcтipу және монитоpинг үpдiciн жеңiлдетедi. Мемлекеттің әрбір ұсынған реформалары отандастарымыздың қанатын қатайтып, қадамын нығайта беруді көздеуі керек. Өйткені, Қазақстан Республикасының ең басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін естен шығармаған абзал. Әкімшілік реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметкердің халқына адал қызмет жасауы.

    Кураторлық сағат одан әрі жалғасты. Келген студенттерді екі топқа бөліп шағын ойын ойнады. «Ақпарат» және  «Компьютер»  деп екі топқа бөлінді. Ойын 5 кезеңнен тұрды: Ұшқыр оймен... (дұрыс жауапқа – 10 ұпай). Екі топқа 5 сұрақтан беріледі. Шешімін тап!!!  Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың топ  басшысы ойынды бастайды. Топ басшылары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 5 ұпай. 3-кезең. «Кім жылдам» Бұл кезеңде екі топқа  М, Д,П әріптері таңдау арқылы беріледі. Таңдаған әріптен басталатын информатикалық сөздер жазу керек. Қайсы топтан көп жазады, сол жеңіске жетеді, 1 ұпай әрбір сөзге. «Мақал-мәтелдер орталығы» - Бұл кезеңде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған  мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын  нұсқаларын  табу қажет. 5 ұпай «Жорға»  топбасшылар  сайысы. Шарты:  Сұрақтарға  жылдам жауап  беру  керек. Әр  сұрақ  5 ұпайдан бағаланады. Ойын соңында көп балл жинаған топ марапатталды. Кураторлық сағатқа кафедрамыздың оқытушылары да қатынасты. Аға оқытушы Т.М. Маннапова, аға оқытушы Ж.Ж. Багисов, оқытушы Г.А. Дошева. Кураторлық сағат соңында қорытындылап, сәтті шықан фотоға түсіп, шара өз мәресіне жетті.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи