«БҚУ-90» фотосуреттер көрмесі оздырылды

       М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдығына орай физика-математика факультеті бойынша бекітілген тәрбиелік іс-шаралардың жоспарына сәйкес информатика кафедрасы «БҚУ-90» фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды. Фотосурет көрмесіне факультетіміздің студенттері жұмылдырылды. Көрменің шымылдығын кафедрамыздың доценті Медешова Айгүл Бақтығалиқызы ашты. Өз сөзінде университетіміздің тарихына тоқталып, математик Асан Тайманов туралы да сөз етті. Сонымен қатар Айгүл Бақтығалиқызы осы киелі білім ордасының түлегі болғанын мақтан етіп, мамандық таңдауда еш қателеспегенін айта келіп, осы фотосуреттер арқылы студенттік шақтарына саяхат жасағанын да жасырмады.

       Қара шаңырақтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл көрме студенттерге де ұнап, өздеріне ұнаған фотосуреттерге жүрекшелер қойды. Шараға информатика кафедрасының бірқатар оқытушылары Ж.С.Иксебаева, А.А.Хамзина, С.М.Акимова, Ж.С.Багисов Б.С.Насырова көрме жайлы өз ойларымен бөлісіп алдағы уақытта осындай шаралардың саны көбейсе деген ниет білдірді.

    Информатика кафедрасы

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи