«Біз болашақтанбыз»

    Робототехникадан шеберлік сағаты ұйымдастырылды

    Университетіміздің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында информатика кафедрасының оқытушысы Кубегенов Ерлан Сағынғалиұлының жетекшілігімен «Біз болашақтанбыз» атты тақырыпта «Информатика және Робототехника» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне робототехника құрастырудан шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатқа кафедрамыздың меңгерушісі Хамзина А.А., оқытушылар Багисов Ж.Ж., Насырова Б.С. қатысты.

    Робототехника саласы – әлем бойынша ғылымының қарқынды дамуында, және де нанотехнологияның алғашқы сатысы болып келеді. Сондықтан қазіргі жастарға IT-технологияларды тез меңгеруге мүмкіндігі мол.

    Шеберлік сағатына қатысушыларға роботтарды құрастырудың қыр-сыры мен тәсілдері көрсетіліп, қосымша ақпараттар берілді. Атап айтатын болсақ, «Математика-информатика» БББ-ның 3-курс студенті Тойлыбаев Сакен Picaso PRO және Anet E123 үш өлшемді басып шығаруға арналған принтердің арнайы бағдарламалық жасақтамасы көмегімен 3D модельдер құрып көрсетті.

    Tetrex, Vex робот жиынтықтарының қолдану әдістерін, құрастыру және бағдарламалау үдерісін практикалық түрде «Физика-информатика» БББ-ның 4-курс студенті Ғазезов Бекзат өз жұмысын демонстрациялады.

    Шеберлік сағатта 1-курс студенттеріне жаңашыл техникалық білім алуға деген құштарлығын дамыту, жаңа технологияның дамуына үлес қосу мақсатында Lego Mindstorms EV3 жиынтығын пайдаланып шағын модельдер құрастырылды, сонымен қатар бірнеше сұрақтар қойылып жауабын тапқан студентке үш өлшемді принтерден басып шығарылған шағын модельді сыйлыққа ұсынды.

    Шеберлік сағат соңында кафедрамыздың меңгерушісі Ақмарал Абилхайровнаға сөз беріліп, студенттердің робототехникаға қызығушылықтарының жоғары екенін айта келіп, студенттерге сәттілік тіледі. 

    Информатика кафедрасы

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи