«Өткеннен тағылым»

    Түлектермен кездесу

    "Тірлік осы атады жаңа таңдар,

    Жаңа таңдар алмасқан алақандар.

    Өмір деген биікке дара самғап,

    Азамат боп оралған аға-апалар.

    Түлектерің мақтануға болса лайық,

    Біз бүгін мақтанайық жар салайық.

    90 жылдық мерейтойға келген бүгін,

    Құрметпен қонақтарды қарсы алайық" - деп басталған шара…

    Университетіміздің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған кафедрамыздың «Өткеннен тағылым» түлектермен кездесу болды. Шарамызға  әр жылда бітірген  түлектері қатысты. Искалиева Айгуль Бисенбаевна, Айтмағанбетов Руслан Қалыбаевич, Хамзина Румия Абаевна, Сафуллин Елдос Набиоллаұлы. Шараға кафедрамыздың аға оқытушысы Мұхамбетова Ғ.Г., аға оқытушы, магистр Акимова С.М., Иксебаева Ж.С., Курмашева Д.Н., оқытушы Химеденова З.М., Насырова Б.С., Дошева Г.А., Қазиқызы М.  қатысты.

    Түлектермен  кездесу шарамызды  ашып беру үшін факультетіміздің  деканы Абулкасова Дина Бакытжановнаға  және информатика кафедрасының меңгерушісі Хамзина Ақмарал Абилхайровнаға сөз кезегі беріледі. Шараға И-41 топ студенттері де тамашалады. Орынғали Аружан Жусупқалиқызы, Кәрім Ералхан Махамбетұлы, Шымырханова Сая, Қанат Әсем, Аскарбаева Маржан, Уан Өркен, Есмагамбетов Біржан, Тынымжан Тәттігүл. Олар түлектерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тыңғылықты жауаптарға куә болды. Шара барысында ИР-11 топ 1- курс студенті Иманғазиева Назерке Сансызбайқызы күй орындалады. Күйдің аты «Дәулеткерей Көрұғлы».  

    Ән шашудан кейін бүгінгі  кешіміздің түлектеріне сөз берілді. Әр түлектің өз жетістіктеріне жете тоқталып, осы қара шаңырақтан білім нәрімен сусындырған ұстаздарына алғыстарын жаудырды.

    Бүгінгі шарамызға қатысып отырған түлектерімізге алғыс білдіре отырып кафедра доценті Медешова Айгуль Бақтығалиевнаға қорытындылап сөз берілді, түлектерге арнап естелік сыйлықтар ұсынылды. Шара соңында барлық түлектерге арнап М.Өтемісов атындағы БҚУ 2 курс студенті Маратов Е. «Жандосым» және БҚУ 2 курс студенттері Абаева Н. және Жексенгазиева Л. «Мың алғыс саған Ұстазым» әнін орындап берді. Фотосуретке түсіп, шара аяқталды.

    Информатика кафедрасы

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи