Е.Г.Алешинскаяның шеберлік сабақтары

    Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алешинская Евгения Владимировна М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан унивеситетінің Шетел тілдері кафедрасына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 19.04.2022 жылғы №155 бұйрығына сәйкес  10.09.2022-08.10.2022 мерзім аралығында шақыртылған болатын. Оқытушы іс сапар барысында «Ғылыми мақалаларды ағылшын тілінде жазу» тақырыбында магистранттар мен кафера оқытушыларына шеберлік сабақтарын жүргізді. Шеберлік сабақтары ғылыми журналдар мен сайттарға мақалалар жариялау барысында кездесетін қиындықтармен таныстырылды. Академиялық тілде мақала жазудың негізгі шарттары мен қандай қателіктер жібермеу керек екендігін көрсетті.  Түрлі шетелдік басылымдарға (Scopus, Web of Science) сараптама жүргізіп, ақпаратты талдау жүргізу бойынша да қажетті білімдерімен бөлісті.

    Сонымен қатар, шетелдік ғалым 6В01705 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері мен магистранттарына «Арнайы кәсіби шет тілі» пәнінен практикалық сабақтар өткізді.  М. Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан унивеситеті хабаршысының №2 (86)/2022 басылымында Е.В.Алешинскаяның «Ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалық емес ғылыми дискурстың ерекшеліктері» атты мақаласы жарияланды.

    М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан унивеситетінің 90-жылдық мерейтойына арналған «Білім және ғылым берудегі дәстүрлер мен инновациялар: тарих, қазіргі жағдай, перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ғалым «Академиялық ағылшын тілі: университетте ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты баяндама оқыды.

    Университетімізге ғалымның келуі ЖОО-ның білім және ғылым саласының дамуына орасан зор үлес қосты.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи