Орал ақпараттық технологиялар колледжіне экскурсия

    15-қараша күні информатика кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарының жетекшісі, кафедраның аға оқытушысы Ғ.Г.Мухамбетованың ұйымдастыруымен қаламыздағы IT саласындағы жетекші оқу орындарының бірі Орал ақпараттық технологиялар колледжіне экскурсия жасалды. Алдымен колледж директоры Е.Н.Сафуллин семинар-экскурсияға қатысушыларға Орал ақпараттық технологиялар колледжі туралы кіріспе сөз сөйлеп, оның сайтын демонстрациялады.

    Сонан соң, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары А.Н.Накишев шараға қатысушыларды колледж бойынша экскурсия жасатып, замануи ақпараттық технологиямен жабдықталған кабинеттерді аралатты.

    Экскурсия барысында қатысушылар алдымен,  графиктік дизайн және компьютерлік монтаждау кабинетіне барып, ондағы соңғы үлгідегі Imac компьютерлермен практикалық жұмыс орындады. Microsoft Whiteboard программалық жабдығымен жұмыстанып, идеялармен бөлісті. Бұл кабинетте шараға қатысушылар Мicrosoft виртуальды шындық көзілдірігімен виртульды саяхат жасады. Сонымен қатар экскурсияға қатысушылар  «Желілік әкімшілендіру», «Мобильді робот», «Компьютерді аппараттық жабдықтау» кабинеттерін тамашалап, ондағы заманауи IT құралдармен танысты. Колледждің семинар-экскурсияны ұйымдастырушы қызметкерлері оқу орнының соңғы үлгідегі 3D принтер, лазерлік кескіш, интерактивті панель, ойын планшеттері, дигитайзер, Cisco компаниясының желілік қондырғылары, желілік шкаф, Dahua Technology компаниясының қондырылған жасанды интеллект және 3600–ға бұру мүмкіндігі бар бейне бақылау жүйесі т.б. жұмысын демонстрациялап,  оқытушыларға керемет сәт сыйлады.

    Шара барысында кафедраның кәсіби бағдар жұмысы бойынша жауапты оқытушы З.М.Химеденова колледж студенттерімен кездесіп, кәсіби бағдар бағытында ақпарат берді.

    Ұйымдастырылған шара нәтижесінде колледждің IT мамандары мен сол сала бойынша білім беріп жүрген кафедра оқытушылары арасында кәсіби шеберлікпен бөлісу жүзеге асырылды.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи