«Батыр Мәншүк» атты ашық кураторлық сағат

    Информатика кафедрасының ИС-21 тобында куратор Зухра Максимовнаның ұйымдастыруымен «Батыр Мәншүк» атты ашық  кураторлық сағат оздырылды. Кураторлық сағат Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, студенттерді ерлікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мен студенттердің бойында патроиоттық сезімді дарыту мақсатын көздеді. Кураторлық сағаттың шымылдығын жүргізушілер Жумагалиев Алихан мен Бауыржан Қасиет ашты. Топ студенттері Бақытжанова Жұлдызай, Кенишбекова Дильнара, Адайбекова Әсемгүл, Жасхайрат Айлина, Хайпенова Асылай Мәншүк Маметова туралы мағлұматтармен бөлісті. «Мәншүктің анасына хатын» өте әсерлі жеткізген Адилова Аружан мен Мәншүктің монологын оқыған Рахметуллина Жанэлла  оқытушылар мен студенттер қауымының көз алдына  сонау сұрапыл соғыс жылдарын елестетті. Сонымен қатар Қазеке Нұрболат, Хасен Алихан, Майданов Нұрлан және Мәншүк рөлін сомдаған Қайырболат Асыл-Ай  соғыс  жылдарынан қойылым көрсетті. Жиылған аудиторияға батыр апамыз туралы бейнебаян демонстрацияланды. Қазеке Нұрболат, Хасен Алихан, Майданов Нұрлан Мәншүк апамыз туралы өлең жолдарын оқыды.  Кураторлық сағатта топ жігіттері «Катюша» әнін орындаса, Бақытжанова Жұлдызай  «Қазақ қызы» әнін нақышына келтіріп шырқады.

    Жалпы кураторлық сағат жоғары деңгейде өтті. Студенттер классикалық киім үлгілерімен, әскери бас киімдерімен кураторлық сағаттың реңін ашып оқытушыларды өздеріне баурап алды. Сөз алған Айгүл Бактыгалиевна студенттерге тәлім-тәрбие, адам бойындағы асыл қасиеттер жөнінде кеңес беріп ризашылығын айтты.  Тәрбие ісі жөніндегі факультет деканының орынбасары Жанна Сагинтаевна мен аға куратор Бұлбұл Сагингалиевна да  кураторлық  сағаттың ұйымдастырылу деңгейіне баға беріп, алғыстарын білдірді.  Топ кураторы Зухра Максимовна кураторлық сағатты қорытындылап, ұйымдастыруға ат салысқан студенттерге рахметін айтып, алдағы уақытта қысқы сессияларына сәттілік тіледі.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи