Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне академиялық ұтқырлықпен барып қайтты

    Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы - белгілі бір академиялық кезеңге  білім алушылардың, оқытушылардың немесе ғалымдардың білім алу, ғылыми іс-тәжірибе жүргізуге  басқа  жоғары оқу орнына, шет елге бір семестрге немесе бір жылға баруы. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар деген сұраққа еркін жауап берді студеттер. Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп өз ойларымен сөйлесті.

    2022-2023 жж. оқу жылының 1 семестрінде Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету БББ-ның 3 курс ВТиПО-31 топ студенттері Ізтелеуова Бақыт пен Ерсайнова Азиза Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алуға барды. Бағдарлама арқылы университеттің ішкі білім беру жүйесімен танысып, оқып, көптеген жаңа достар тапты. «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасында білім алды. Барып қайтқан студенттер барғысы келіп, ойланып жүрген студенттерге баруға кеңес берді. Жаңа қалада, жаңа достар, алған біліміңді басқа ортада көрсетіп университетіміздің беделін арттыру деп түйіндеді.

    Инженерлі-технологиялық институт директоры Абжалелов Бахытбек Байдосович

    Қоңырбаев Нұрбек Беркінбайұлы.

    «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор., PhD

    Изтилеуова Бақыт пен Ерсайнова Азиза ВТиПО-31 топ студенттері

     

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи