Жаратылыстану-география факультеті, биология және экология кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысының 2022-2023 оқу жылының жоспарына сай, 2023 жылдың 23 ақпан күні Орал қаласының және аудандардың 11-сынып оқушыларына «Биология» пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті Орал қалалық білім беру бөліміне хат жолдап, мектептерге шақырту жіберген болатын. Олимпиадаға 31 қала және аудан мектептерінен 72 оқушы қатысты. Олимпиада құрылымы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды.Теориялық бөлімнен жоғары балл жинаған 16 оқушы келесі практикалық бөлімге жолдама алды. Бірінші және екінші бөлім арасындағы уақытта БГ-31, БГ-21, Б-21, Эко-21-1 тобының белсенді студенттерінің көмегімен мектеп түлектеріне демопрезентациялар дайындалып, кафедра БББ-ның буклеттері таратылып кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Олимпиада нәтижесі бойынша жүлдегерлер дипломдармен мен алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп пен университет арасын байланыстыратын бұл шараны ұйымдастыруға ат салысқан кафедра ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін!