«Электронды портфолио жасау» тақырыбы бойынша тренинг

    3-сәуір күні физика-математика факультетінің «ЖОО мен мектепте физика, математика және информатиканы оқытудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» атты әдістемелік апталығы аясында  информатика кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарының жоспарына сәйкес «Электронды портфолио жасау» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді. Семинарға  М.Өтемісов атындағы БҚУ әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялар бөлімінің қызметкері Абишева Ш.Б., физика-математика факультетінің деканы Абулкасова Д.Б., факультет деканының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері және информатика кафедрасының мүшелері қатысты. Семинар мақсаты болып электронды портфолио жасау  тәжірибесімен бөлісу   саналды.

    Электрондық портфолио – қолданушы жинаған және басқаратын электрондық материалдар жинағы. Мұндай электрондық материалдарға  кіріс мәтіні, электрондық файлдар, суреттер, медиа, блог жазбалары және гиперсілтемелер кіруі мүмкін. Электрондық портфолионың ерекшелігі сайтқа салынған мәліметтер бұлттық кеңістік болып табылатын Google дискте сақталады және оған әлемнің кез-келген жерінен қосылуға болады.

    Тренингті жүргізуші информатика кафедрасының аға оқытушысы Амантурлина Г.Қ. Google платформасының сервистік қызметінің бірі Google  сайт арқылы электрондық портфолио жасау жайында мәліметтермен бөлісіп, дайындалған портфолионы демонстрациялап көрсетті.

    Сонан соң, тренингке қатысушылар өз ноутбуктерінде практикалық жұмыс жасап, электронды портфолио дайындады. Олар электронды портфолиоға өздері туралы мәліметтер, фото, білімін жетілдіру туралы сертификаттар, марапаттар, өзі оқытатын пән силлабустарын, пән туралы қысқаша мәліметтерден тұратын презентация, бейнедәрістер т.б. мәліметтерді жүктеді. Соңында, дайындалған портфолионы веб-адрес арқылы жариялау мүмкіндігін қарастырды.

    Шара соңында факультет деканы Абулкасова Д.Б., ӘЖжББТ қызметкері Абишева Ш.Б. сөз сөйлеп өткізілген тренинтің әр оқытушы үшін пайдалы және практикалық маңызы зор болғанын айтты.   

    Кафедраның ҒӘС-ның жетекшісі:     Ғ.Г. Мухамбетова

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи