Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

    М.Өтемісов атындағы БҚУ мен Орал қаласының Білім беру бөлімі арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
    3 мамыр күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастық – білім сапасын арттырудың бір жолы» атты тақырыпта Орал қаласының білім беру бөлімі басшысы Темірханова Ақжарқын Мүтиғоллақызының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараға бөлім жетекшілері, факультет декандары, білім беру бағдарламалары мен сараман жетекшілері, білім беру бөлімінің әдіскерлері, қалалық жалпы білім беретін мектеп директорлары мен оқу ісі меңгерушілері қатысты.
    Жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы сабақтастықты орнату, қазіргі заман талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, педагогикалық ғылым мен тәжірибе саласында құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа ие, өзін-өзі тиімді кәсіби жетілдіруге бейім, креативті маман даярлауда бірлесіп жұмыс жүргізу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында М.Өтемісов атындағы БҚУ мен Орал қаласының Білім беру бөлімі арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
    М. Өтемісов атындағы БҚУ академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі-проректор Кайсагалиева Гүлжихан Смайылқызы өзара ынтымақтастық оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар мен сараманды ұйымдастыру сияқты негізгі бағыттардан тұратындығына тоқтала келе, ынтымақтастықты жүзеге асырудағы жұмыстар аталған бағыттармен шектеліп қана қоймайтындығына, алдағы оқу жылында бірлесіп жүргізетін жоспарланған іс-шаралар мен жобалардың бірі - Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінде оқушылармен профильге дейінгі дайындықты жүргізу мақсатында педагогикалық сыныптар ашу жұмыстарымен жалғасатындығын айтты.
    Іс-шара соңында Орал қаласы білім бөлімінің жалпы білім беретін мектептері мен гимназиялары директорларына жас мамандарды даярлауда бірлесіп атқарған жұмыстары мен кәсіби шеберлігі үшін университет ректорының атынан алғыс хаттар табысталды.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи