«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бөлінген гранттарға талапкерлерді іріктеу үшін құрылған комиссия отырысы

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алатын жастарға 10 білім гранты бөлінген. 2022-2023 оқу жылынан бастап іске асырылып келе жатқан бағдарламаның мақсаты – жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру арқылы ауыл мектептерінің түлектері мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарды қолдау. Сонымен қатар бағдарлама 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтарының балалары мен жарақат алған жастарды қолдауға бағытталған.

    Үміткерлер ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына 2023 жылдың 10-17 тамыз аралығында өз өтініштерін тапсырған еді. Нәтижесінде, талапқа сай 10 талапкер университетіміздің студенті атануға мүмкіндік алды. Нәтиже қыркүйек айында белгілі болады.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи