"Мамандығым-болашағым" жобасы шеңберіндегі форсайт-мектеп

    Makhambet University – жаңа форсайт-мектептің жобалық кеңсесі ретінде айқындалды

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына енген "Мамандығым-болашағым" жобасы шеңберінде форсайт-мектептің ашылуы өтті.

    Форсайт-мектептің ашылуына онлайн форматта Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, алдағы 5 жылда өңірдің Кадрлық қажеттілігіне форсайт-зерттеулер жүргізудің, әр өңірде мамандықтар бойынша кәсіптер атласын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ведомство басшысы кадрларды даярлаудың өңірлік жүйесін жергілікті сұраныспен байланыстыру, университетте ғылымды дамыту, жастарды ғылымға тарту, жоғары білім беруді интернационалдандыру, цифрлық экожүйені қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды.

    Іс-шараға БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, "Мамандығым-Болашағым" жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаев, университет ректоры Нұрлан Серғалиев, академиялық ұтқырлық орталығының форсайт-мектебі бойынша жобалау тобының өкілдері, ЖОО басшылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, облыстық білім беру басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында университет басшысы жобаны іске асыру өте маңызды, өйткені бұл өңірді кадрлармен қамтамасыз ететін жетекші оқу орны екенін атап өтіп, қатысушыларға жаңа қажетті дағдыларды игеруге сәттілік тіледі.

    Айта кету керек, жоба аясында Батыс Қазақстан облысын кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандарты әзірленетін болады. Батыс Қазақстан облысын озыңқы кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандартын әзірлейтін жергілікті жобалық кеңсе ретінде М.Өтемісов атындағы БҚУ айқындалды.

    Университет форсайт мектебінің қатысушыларын бес күн бойы ғылым және жоғары білім министрлігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен оқытады.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи