«Жас ұстаз» жобасы қолға алынды

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен 125 High school Oral мектебінің арасында «Жас ұстаз» жобасы қолға алынып, келісім шартқа қол қойылды.

    Жобаның мақсаты – университет студенттеріне педагогикалық іс-тәжірибе жинау, кәсіби дайындықты жүргізу, педагогикалық-әдістемелік дағдыларын дамыту бағытында іс-шараларын бірлесіп өткізу, мектеп ұстаздарына ғылыми-практикалық конференциялар, пәндік олимпиадалар, озат тәжірибе тарату жұмыстары бойынша іс-тәжірибе алмасу.

    Шараға университеттің академиялық сұрақтары бойынша проректоры Кайсагалиева Гульжахан Смайловна, әр факультеттің декандары мен 125 High school Oral мектебінің басшысы Есетов Бекжан Нұрлыханұлы, директордың оқу-әдістемелік ісі бойынша орынбасары мен PR менеджері, жобаға қатысушы студент-жас ұстаздар қатысты. Жиында жоба жұмысы талқыланып, үлкен жауапкершілікті талап ететін, болашақ жас маманға үлкен мүмкіндікке жол ашатын жоба екендігі айтылды.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи