«Жоғары оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» әдістемелік айлығы

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 2023-2024 оқу жылының әдістемелік айлығы басталды. Мақсаты - жоғары оқу орындарында білім беруді жаңғыртудың теориялық, практикалық, әдістемелік бағыттарын дамыту, бәсекеге қабілетті білім беру ортасын жетілдіру.
    «Жоғары оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» атты әдістемелік айлық алғашқы болып педагогика факультетінде өз бастауын алды. Аталмыш шара аясында жаңа инновациялық, СТО, АКТ, проблемалық оқыту, дамыта оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту сынды әдіс-тәсілдер қолданылып, түрлі ойындар ойнатылды. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
    Алдағы уақытта «Үздік сабақ», «Шебер педагог» сынды номинациялар бойынша марапаттаулар табысталып, факультеттің оқу-әдістемелік қоры толықтырылып, жаңартылатын болады.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи