«Қасиет қонған білім ордасы»

    Республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді

    1. Жалпы ережелер
    1. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Қасиет қонған білім ордасы» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасының ережесі жастардың шығармашылық ізденісіне жағдай жасай отырып, ел рухын көтеретін, поэзиямыздың мүмкіндігін танытатын өлеңдердің жазылуына мүмкіндік беру, жас ақындардың шығармашылық дамуына жол ашу мақсатында еліміздің барлық аймақтарынан 17 мен 23 жас аралығындағы студент ақындардың арасында мүшәйра өткізу тәртібі мен шарттарын реттейді.
    2. Мүшәйра мемлекеттік тілде өтеді.
    3. Мүшәйра талаптары:
    • Мүшәйраға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне арналған өлең (формасы, стилі еркін);
    • Еркін тақырыпта бір өлең;

    Мүшәйраға бұрын-соңды байқауға қатыспаған, БАҚ-та,  әлеуметтік желілерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады. Өлең көлемі 2 беттен аспауы тиіс, Times New Roman, кегль 14, аралық интервал 1. Өтініште автор фото-сурет, өмірбаян, байланыс телефондары, жеке куәлігінің көшірмесін, оқу орны туралы мәліметті қоса көрсетуі тиіс. 

    1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі 
    1. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Филология факультеті Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
    2. Байқауға қатысу үшін Байқау ережесінің 3-тармағында көрсетілген 2 өлең мен өтінішті 2022 жылдың 15 сәуіріне дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды поштасына жіберілуі қажет.
    3. Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім байқауға қатыстырылмайды.
    4. Келу-кету жол шығыны қатысушы тарапынан. 
    1. Қорытынды ережелер 
    • Мүшәйра қатысушыларын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы сала мамандарынан тұрады.
    • Мүшәйра жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

    Мүшәйра жүлделері төмендегідей: 

    1. БАС ЖҮЛДЕ – біреу, жүлде көлемі 100 000 теңге; 
    2. Бірінші орын – біреу, жүлде көлемі 80 000 теңге; 
    3. Екінші орын – екеу, әрқайсысы 45 000 теңге; 
    4. Үшінші орын – үшеу, әрқайсысы 30 000 теңге; 
    • Мүшәйра сәуір аяғында қорытындыланып, жүлдегерлер марапатталады.  

    090000, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 162, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.

    Байланыс телефоны: 8 (705) ; 8 (747) 686-56-10;

    E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи