Факультетішілік бейнежазбалар байқауына шақырамыз

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің 90 жылдығына арналған «Білім мен тәрбие мекені» атты факультетішілік бейнежазбалар байқауының

    ЕРЕЖЕСІ

    Байқаудың мақсаты:

    • Факультет студенттерінің мобилография саласындағы талаптарын анықтау, өнерлерін шыңдау;
    • Факультет студенттерінің университет тарихына қызығушылығын арттыру;
    • IT технологиялар саласындағы дарынды студенттерді анықтау және ынталандыру, ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласындағы шығармашылық қызығушылықты дамыту.

    Шараны ұйымдастыруға  жауаптылар:

    • М.Өтемісов атындағы БҚУ, Физика-математика факультет деканының орынбасары Иксебаева Ж.С.
    • Информатика кафедрасының ұжымы;
    • Әділқазы алқасын ұйымдастырушылар таңдайды.

    Байқау талаптары:

    • Байқауға физика-математика факультеттінің студенттері қатысады;
    • жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады;
    • бейнежазба 3 минуттан аспауы керек;
    • жұмыстар саны шектеусіз, жұмыс көлемі 1Гб аспауы керек
    • барлық видео форматтар;
    • байқау тақырыбы «Білім мен тәрбие мекені»

    Жұмыстарды бағалау талаптары:

    • бейнежазба өзектілігі;
    • бейнежазбаның визуалды көрнектілігі, түстердің үйлесімділік гаммасы;
    • музыкалық үйлесімділігі;
    • мәтіннің тақырыпқа сай, орынды қолданылуы;
    • бейнежазбадағы әуеннің дауыс ырғағы;

    Байқауды өткізу кезеңдері:

    1. Өтінімдер мен жобаларды қабылдау 2022 жылдың 10 қазанына дейін;
    2. Жұмыстарды іріктеу 2022 жылдың 11-12 қазан аралығында;
    3. Қорытынды шығару, диплом тапсыру және жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылдың 13 қазан 8 корпус, 311 аудитория

    Пошталық мекенжайы: 090000, Орал қаласы, Студенттік көшесі, 3, физика-математика факультеті, Информатика факультеті, 8 корпус, 311 кабинет

    Электрондық пошта мекенжайы: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Өтетін орны: М.Өтемісов атындағы БҚУ, физика-математика факультеті, Информатика кафедрасы, 8 корпус, 311 кабинет.

    Қосымша

    Өтінім

    М.Өтемісов атындағы БҚУ-ның 90 жылдық мерейтойына орай Физика-математика факультетінің студенттеріне арналған факультетішілік бейнежазба байқауына қатысуға

    Фамилиясы

     

    Аты

     

    Тегі

     

    Туған күні

     

    Мекен-жайы

     

    Байланыс телефоны

     

    e-mail

     

    Бейнежазба та0ырыбы

     

    Курс

     

    Мамандығы

     

    Топ кураторының аты-жөні

     

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи