"М.Өтемісов атындағы БҚУ" КеАҚ бос лауазым орындарына конкурс жариялайды

    Білім беру бағдарламаларының жетекшілері: биология, география, химия мұғалімдерін дайындау; биология, химия ғылымдары және қоршаға орта; математика мен физика; информатика мұғалімдерін дайындау және IT мамандар; тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау; тіл, әдебиет және ақпарат; педагогика және психология; мектепке дейінгі және бастауышта білім беру педагогикасы; бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау; әлеуметтік ғылымдар; бизнес, басқару және туризм; құқық; музыка мұғалімдерін дайындау және орындаушылық өнер; көркем еңбек және мектептегі  дизайн мұғалімдерін дайындау, сән және дизайн мамандары; режиссура, хореография және мәдени-тынығу жұмысы.

    Біліктілік талаптары: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі; ғылыми-педагогикалық немесе БББ бағытына сәйкес кәсіби қызметінің бағыты бойынша ұйымдарда 3 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы; білім беру саласындағы НҚА білуі; білім беру бағдарламаларын дайындау тәжірибесінің болуы; 2-ден кем емес білім беру бағдарламасын дамыту бағдарламасының болуы.

    Қажетті құжаттар тізімі:

    • университет басқарма төрағасының атына өтініш;
    • кадрлар жөніндегі жеке іс парағы;
    • өмірбаяны;
    • жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атақтары туралы дипломдарының көшірмесі (жаңадан қабыл-данатын қызметкерлер үшін нотариалды бекітілген);
    • соңғы 5 жылдағы біліктілік арттыру және қайта даярлаудан өткені жөніндегі сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін сертификаттың түпнұсқасы;
    • ғылыми еңбектер мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
    • №075 үлгісіндегі медициналық анықтама (жаңадан қабылданатын қызметкерлер үшін). Университет қызметкерлері конкурс өткізілетін уақытта жұмысқа жіберу жайлы белгісі бар медициналық кітапшасын көрсетеді.
    • соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
    • конкурсқа қатысушының наркологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
    • конкурсқа қатысушының психоневрологиялық мекемеде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

    Конкурсқа  қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (ғылыми еңбектер тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хат), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін  растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

    Бос лауазым орындарының конкурсына қатысу туралы өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі.

    Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

    090000, Қазақстан Республикасы,  Батыс Қазақстан облысы,

    Орал қ., Н.Назарбаев даңғ., 162, 108-кабинет, 2023 ж. 27 наурыз сағ.18.00-ге дейін

    Байланыс телефоны:  8 (7112) 50-86-11

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи