«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры талапкерлер өтінімдерін қабылдайды

    🏛️ Бағдарлама аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне 2023-2024 оқу жылына бөлінген грант саны - 10. Мамандықты талапкердің өзі таңдайды, мамандықтар бойынша шектеу жоқ. Грант екінші жоғары білім алуға берілмейді.
    ⏳Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.
    📑Құжаттарды жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.
    💻Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:

    👆Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
    ✔️ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
    ✔️жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    ✔️мүгедектігі бар азаматтар;
    ✔️мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
    ✔️2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
    ✔️2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
    ✔️төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.

    ✨ Грант бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың барлық кезеңін қамтиды. Оқу құны бойынша шектеме әр студентке 1 млн теңгеге дейін құрайды, егер студенттің жылдық оқу құны осы сомадан жоғары болса, онда айырмашылықты студенттің өзі төлейді.

    ✉️ Грант иегерлеріне жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) 40 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді. Қор бөлетін гранттар – өтеусіз, қайтарымсыз көмек, грант иеленушінің оқу аяқталғаннан кейін Қор алдында міндеттемелері болмайды.

    📌 Толық ақпарат qazaqstanhalqyna.kz сайтынан білсеңіз болады.

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи