«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ-мы университет теңгеріміндегі келесі жылжымайтын объектілерді мүліктік жалдауға беру үшін, көрсетілген мекенжайлар бойынша жабдықталған асхана, буфеттерді оқу жылына (ескерту: қысқы, жазғы каникул кезеңіне орай жалгерлік ақы төлемдері уақытша тоқтатылады) жалға беруге конкурс жариялайды, пайдалану мақсаты: қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін:
- Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162 мекенжайы бойынша (жертөледе/цокольное помещение) орналасқан «Университет» асхана, ауданы 446,8 ш.м. (соның ішінде залдың ауданы 187,8 ш.м.), техникалық жағдайы: нысана жұмыс жағдайында, барлық инженерлік-техникалық құрылғылармен: орталықтан жылыту, кәріз, электр-жарығымен, суық/ыстық сумен жабдықталған, бастапқы бағасы 307000.00 тенге.
Конкурс ағылшын сауда-саттықтың әдісі бойынша өткізіледі аукцион әдісі:
бастапқы баға көтеріледі.
Жалдау бағасы бір айға көрсетілген, сонымен қатар коммуналдық қызметтердің өтем ақысы есептеу аспаптарының көрсеткіштері, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу бойынша төленеді. Коммуналдық қызметтерге тарифтер әлеуетті қызмет көрсетушілердің тарифтерінің өсуіне сәйкес түзетілуі мүмкін.
Жалға алушыларға қойылатын талаптар:
1. Соңғы жылдағы құқық бұзушылықтың жоқтығы туралы анықтама (кәсіпкер үшін);
2. Жалға алушы мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың тізілімінде енгізілмеуі керек;
3. Жалға алу уақыт кезеңінде мүліктің жағдайын жақсы сақталуын қамтамасыз ету;
4. Жалға алушының қызмет түрі қоғамдық тамақтандыруға сәйкес болуы керек.Тамақтандыру үшін асхана ретінде пайдалану (студенттер, университет қызметкерлері);
5. Басшылықтың келісімінсіз жалға алынған нысанда қала халқына және ұйымдарға мерекелік іс-шараларды, естелік кештерді өткізу және басқа да қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық тамақтандыру саласында қосымша қызмет көрсетпеуге;
6. Объект қосалқы жалдау құқығынсыз жалға беріледі;
7. Үй-жайды ұстау, косметикалық жөндеу және объектіні ұстауға арналған шығыстар жалға алушының қаражаты есебінен;
8. Қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар ережелеріне сәйкес Санитарлық-эпидемиологиялық қортындының болуы міндетті (тұтынушылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді).
Құжаттар осы мекен-жайлар бойынша қабылданады: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғңылы, 162, 129 қызмет бөлмесі немесе Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript..
Ақпарат үшін келесі нөмірге хабарласуға болады: 8-(711-2)-25-00-70