Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технология министрлігі парсы тіліне кызығушылық танытқан студенттерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасынан магистратура мен докторантураға екі студентті грант бойынша қабылдауға дайын екендігін хабарлайды.
Бұл грант бойынша оқу тегін, стипендия, жатақхана беріледі, тұру шығындары өтеледі.
Сондай-ақ, Қазақстандағы университеттер Ирандағы университеттер тарапынан өткізілетін парсы тілінің онлайн курстарын пайдалана алады.