"Абай оқулары" байқауы өтті

    29.01.Абай 175 Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына байланысты көрнекті ақын, ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай  20 қыркүйек күні университетімізде жоғарғы оқу орындары студенттері арасында облыстық "Абай оқулары" байқауы өтті. Оған 14 студент қатысып, бағын сынады.Шара шымылдығы Хакім Абай туралы қойылыммен түрілді. Одан әрі университетішілік Абай клубының жетекшілері Азамат Бақиев пен Еркеназ Қалижан сөз алып, көрермендерге клубтың мақсат-міндетін таныстырып өтті. Өз кезегінде Филология факультетінің деканы Аскен Муханбеткалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ тілегін арнады. Сондай-ақ, аталмыш байқау барысында облыстық Абай оқуларының жеңімпаздары  Нұрсұлтан Бақтыбай мен Дәулет Қуанышбайұлы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыса, мың бұралған бишілеріміз қазақ биін биледі.Байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар алғашқы кезеңде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, келесі бөлімде қара сөздерін жатқа айтып берді.  Сайыскерлерге ақын, айтыскер, Мәдениет саласының үздігі Жансая Мусина, мәдениет және өнер факультетінің аға оқытушысы Индира Гинаятовна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рита Сұлтанғалиева төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен  байқаудың бас жүлдесіне Зафура Мамут ие болса, Айтоты Кадерова жүлделі  1-орынды қанжығалады. Ал Аслан Исламбеков сайыстың 2-орынын еншілеп, Айдана Сағызбаева 3-орынға тұрақтады. Байқау жеңімпаздарына  алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

                                                                                                                                                       Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

     

    Brandbook

    Брендбук (англ. brand book) — официальный документ компании, в котором описывается концепция бренда, ... 

    Правила поведения студентов ЗКУ

     

    Официальный Telegram-канал МОН РК

    Экологический мониторинг

    комплексные наблюдения за состоянием окружающей среды, ...

     

    Волонтёр

    – это человек, который добровольно оказывает безвозмездную помощь людям, ...

     
     
     

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

    Будь на связи