Наш университет – один из крупных вузов области и учебно-научных центров региона.
Особенностью Западно-Казахстанского университета им. М.Утемисова является его богатейшая летопись – это один из старейших вузов Республики Казахстан. В 2021 году вузу исполняется 89 лет. За эти годы университет вписал немало славных страниц в биографию области и всей республики. Можно с гордостью говорить о неоценимой роли вуза в развитии науки, образования, экономики и культуры Западного Казахстана.
Свыше 70 тысяч высококвалифицированных специалистов, вышедших из стен старейшего вуза, – наше бесценное наследие, наше профессиональное и духовное богатство. Сегодня Западно-Казахстанский университет им. М.Утемисова является одним из флагманов педагогического образования Западно-Казахстанской области и готовит специалистов широкого профиля, востребованных в самых разных областях и конкурентоспособных на рынке труда.
Ректорат университета стремится создать все необходимые условия для успешной учебы и плодотворного творчества. Добро пожаловать в ЗКУ!
Сергалиев Нурлан Хабибуллович,
Председатель правления - ректор ЗКУ им.М.Утемисова,
кандидат биологических наук, профессор
Сәлеметсізбе! Бастапқы білімім "бастауыш мектеп мұғалімі" жоғары.
Қазіргі таңда тәрбиеші болып жұмыс жасап жүрмін, соған "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие" мамандығы бойынша диплом керек.
Қашықтан оқытуда осы мамандық барма? Оқу ақысы, неше жыл оқу қажет, құжаттар тізімін білсем деп едім.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қабылдау комиссиясы 20.06.2025 ж. басталады. Жоғары педагогикалық білімнен кейін Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасына әңгімелесу арқылы күндізгі қысқартылған оқуға қабылданасыз. Оқу мерзімі - 2 жыл. Жылдық ақысы былтыр 470 000 теңге болды, биылғы оқу жылына әлі бекітілген жоқ. Қашықтан оқуға мүмкіндігіңіз бар.
Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны: 50-44-20, 87051694030, 87715355516
ҚАБЫЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:
- Диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
- Төлқұжаттың көшірмесі;
- 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
- 075/У нысанды медициналық анықтама (оқуға түсуге жарамды рұқсаты бар түпнұсқа, флюорография суреті);
- 065/У нысанды медициналық анықтама (екпе картасы);
- Скоросшиватель (дело) – 1 дана;
- Конверт А5 форматта – 1 дана;
Қабылдау емтиханы (әңгімелесу) – 15 және 20 тамыз.
02.08.2024
Саламатсызба! Жубанов университетінің 2 курс магистранты едим, Сіздерде журнал барма, мақаланы қалай жібере аламын?
Жауап: Саламатсызба! Бізде ғылыми журнал бар, «БҚУ хабаршысы» деп аталады. "БҚУ Хабаршысы" журналының әр санына "Педагогика", "Филология", "Тарих", "География", "Экология" бағыттары бойынша мақалалар қабылданады. Мақаланы сіз ресми сайт арқылы (https://ojs.wku.edu.kz), бере аласыз. Алдымен сайтқа тіркелесіз, тіркелу барысында шарттарды орындайсыз, қателіктер қызыл түсті боп шығады, соларды түзейсіз. Жалпы ресми сайтта «Біз туралы» деген тармақ бар, сол тармаққа басып, ішінде көптеген тармақшалар шығады, керегін таңдап аласыз, сіз сұраған мақаланы жіберудің нұсқаулығыда бар, сол арқылы жібересіз.
15.07.2024
Сәлеметсізбе Мен техникалық білімнен кейін басқа мамандыққа оқығым келеді. Сырттай немесе қашықтан оқу мүмкін бе. Егер мүмкін болса құжат қабылдау уақытықашан, қандай құжаттар керек айтып жіберсеңіз
Сіздердің орталыққа барып білуім қажет пе?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қабылдау комиссиясы 20.06.2025 ж. басталады. Жоғары білімнен кейін кез келген білім беру бағдарламасына әңгімелесу арқылы күндізгі қысқартылған оқуға қабылдауға болады. Оқу мерзімі - 3 жыл. Жылдық ақысы былтыр 570 000 теңге болды, биылғы оқу жылына әлі бекітілген жоқ. Қашықтан оқуға мүмкіндігіңіз бар. Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны: 50-44-20, 87051694030, 87715355516
ҚАБЫЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:
- Диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
- Төлқұжаттың көшірмесі;
- 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
- 075/У нысанды медициналық анықтама (оқуға түсуге жарамды рұқсаты бар түпнұсқа, флюорография суреті);
- 065/У нысанды медициналық анықтама (екпе картасы);
- Скоросшиватель (дело) – 1 дана;
- Конверт А5 форматта – 1 дана;
Қабылдау емтиханы (әңгімелесу) – 15 және 20 тамыз
04.07.2024
Здравствуйте. Хотела узнать какая стоимость обучения на специальность “два иностранных языка” ? Хотя бы примерная цена (стоимость обучения в 2023-24 учебном году). Нигде не нашла информацию
Ответ: Иностранный язык, два иностранных языка
- 2023-2024 год 530000 тенге.
- 2024-2025 год 570000 теңге.
07.06.2024
Мен, Даркулова Гулнар Тулемисовна, 10. 10. 1969 ж, бастауыш сынып мұғалімі, 1986-1989 жж Орал педагогикалық училищесін, ал Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ бастауыш сынып мамандығы бойынша 2003-2006 жж бітірдім.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысы, Темір ауданы,№5 Шұбарқұдық бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасаудамын.
Мендегі сұрақ:
- Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ қазақ тілі және әдебиеті пәні магистратураға сырттай бөліміне немесе онлайн форматында оқыту бар ма?
ЖОО дан кейін, оқу ұзақтығы неше жыл оқиды?
27.05.2024