Дискуссионная площадка
- Керемет, мұғалімдердің дамуына үлке үлес қосатын білікті,білімді мамандарыңыз көп болсын...
13.11.2025
Қазіргі заманның басты ерекшелігі – цифрлық технологиялардың өміріміздің барлық саласына енуі. Сол сияқты кітапханалар да бұл өзгерістен тыс қалмай, жаңа заман талабына сай цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеріп отыр.
Кітапханалардың цифрлық трансформациясы – бұл тек техникалық жаңару емес, ол кітапханашының ойлау жүйесінің, жұмыс тәсілінің және кәсіби мәдениетінің өзгеруі. Қазір кітапханашы ақпарат сақтаушы емес, ақпараттық кеңістікті басқара білетін, қоғамға бағыт беретін көшбасшы тұлғаға айналуда.
Бұл үдерісте кәсіби құндылықтардың маңызы зор. Оқырманға қызмет ету мәдениеті, адалдық, сенімділік, білімге құрмет, адаммен қарым-қатынас орната білу – кітапханашы мамандығының алтын өзегі болып қала береді.
Сонымен қатар цифрлық дәуір бізден жаңа көшбасшылық дағдыларды талап етеді.
Мысалы: заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру;
инновация енгізуге ашық болу;
командамен тиімді жұмыс істеу;
қоғаммен байланыс орнатып, ақпараттық сауаттылықты арттыру.
Бүгінгі кітапханашы – оқырманға жол көрсететі
12.11.2025
Қазіргі жас ұрпақ отаншылдықты бұрынғыдай тек ұраншылдық немесе жалынды сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеуді құндылық деп санайды. Жаңа идея ұсыну, ғылым-білімге ұмтылу, технологияны меңгеру – бұл заман талабына сай патриотизмнің жаңа қыры.
Кітапхана — білім мен ізденістің, жаңашылдық пен рухани дамудың ордасы. Сондықтан Мемлекет басшысының «жастардың басты күші – білім мен жасампаздықта» деген ойы біз үшін де үлкен бағдар болмақ. Кітапханашылардың міндеті – жастарға сапалы ақпарат ұсыну, олардың ғылымға, өнерге, технологияға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау. Президент айтқандай, өскелең ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Ендеше, біз кітапханашылар да осы ұмтылысты қолдап, білім алғысы келген әрбір жасқа сенімді серік болуға тиіспіз. Кітапхана тек кітап қана емес, ол — жастарды жаңа идеяға жетелейтін, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік өркениетке жол ашатын мәдени-ағартушылық орта.
12.11.2025
Өте тамаша бастама! Цифрлық дәуірде кітапханашылардың кәсіби дамуы мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру – білім саласының маңызды бағыты.«Бағдарламада кітапханашылардың жаңа технологияларды меңгеруіне арналған нақты практикалық модульдер қарастырылса, тиімділігі одан әрі артар еді деп ойлаймын.»
12.11.2025
Жақсы курс болады деп сенемін, пайдалы ақпарат көп сияқты.
09.11.2025