Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Мұқағали, Нұрғиса» драмасы болып өтті

    Ақпан айының 17 жұлдызында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Мұқағали, Нұрғиса» драмасы болып өтті. Оқиға қазақтың біртуар тұлғалары , композитор Нұрғиса Тілендиев пен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың арасында өрбиді.Қос тұлғаның әндермен өрнектеліп отыратыны, ширыққан сәттері осы драма барысында көрініс тапқан. Екеуінің шығармашылығының нәтижесінде ең керемет, мәңгі өлмейтін әндер туады.Спектакль Мұқағали композиторға аманаттап кеткен «Есіңе мені алғайсың» өлеңіне ән жазумен қортындыланды.

    М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультетінің 1 курс студенттері осы кереметтей драмаға куә болдық. Бұл драмадан алған әсерімен бөлісу үшін «ПиМНО-11» тобының студенті Сағидуллиева Аружаннан сұхбат алып, оның пікірін білдік.

    «Қойылымның кейіпкерлері-қазақтың аңызға айналған қос тұлғасы композитор Нұрғиса Тілендиев пен ақын Мұқағали Мақатаев.Шығармаға ақын өмірінің соңғы күндері,қаламгер мен сазгердің шығармашылық тандемі, «Құстар қайтып барады», «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың...» әндерінің шығу тарихы өзек болған. Қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлғалардың өмірі,тағдыры көз алдымызға келгендей болды.Осы көріністі әсерлі жеткізген актерлардың шеберлігіне ризамыз.»-деп өз лебізін білдірді.

    Театрды рухани өнердің қара шаңырағы деп бекер атамаған.Осынау киелі шаңырақта әдебиет пен музыканы ұштастырған бұл спектакль әр көрерменнің жүрегіне ерекше әсер қалдырғаны мәлім.

     

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch