«Өмірі өнегелі ер тұлға» атты кураторлық сағат өткізілді
Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні Халқымыздың аяулы перзенті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жылына арналған «Өмірі өнегелі ер тұлға» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты атамыздың өмірімен, еңбек жолымен, игі істерімен таныстыру және адамгершілік асыл қасиеттерін үлгі тұтуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд, сөрелерде кітап бұлақтары. Өткізгендер: ИС-21, ИС/у-23, ВТиПО-21, И-21 топ студенттері. Қатысқандар: Информатика кафедрасының оқытушылар және 2 курс топ студенттері.
Алдымен сөз топ кураторы оқытушы, магистр Насырова Булбул Сагингалиевнаға беріледі. Еліміздің қарыштап дамып, өркениеттің жолына шығуына өлшеусіз еңбек сіңірген аса ірі қайраткер, халқымыздың ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 110 жыл. Алдымен өзі туралы ақпараттар айтылды. Ұлы Тұран перзенті Дінмұхамед Қонаев атамыз 1912 жылы 12-қаңтарда, Алматы қаласында қызметкердің жанұясында дүниеге келді. Әкесі Меңліахмет. Анасының аты Зәуре. Ата-бабасы қазіргі Алматы облысының Балхаш пен Күрт аудандарын мекендеген, ол өзінің жастық шағын бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында өткізеді. Сонда оқу бітіріп 1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Мәскеу түсті металлургия инситутына түсіп, 1936 жылы, бұл институтты қызыл дипломмен тәмәмдап, Қоңырат-Балқаш құрылысына жолдама алып, еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастайды. Көп ұзамай бұрғылау қопарылыс цех бастығы дәрежесіне көтеріліп,кейіннен Қоңырат кен басқармасының директорлығына жоғарылады. Осы Балқаш өңірінің дамуына үлкен үлес қоса жүріп,Қаратау-Жаңатас территориялық өндіріс комплексіне де зор ықпал жасаған. Бірнеше рет келіп өзі «Ақсай», «Молодежный», «Көкжон» карьерлеріне көмектескен. 1939 жылы «Үздік еңбегі үшін» медалін алды. Д.А.Қонаев партияның аса көрнекті қайраткері ғана емес, ол ғылыми қызметпен де өажырлылықпен айналысты. Жүзден аса ғылыми еңбектердің авторы. 1968 жылдан ғылым докторы. Оның осынау жемісті еңбектерін Отаны әділ әрі лайықты бағалап, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын, оған қоса сегіз Ленин, Октябрь революциясы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды. Қонаев атамыз жарқын өмірдің салтанат құруы ісіне шын берілген табанды қайраткер болды. Ол өзінің асқақ мұратты парызын адал орындады. 1986 жылы 16 желтоқсанда құрметті еңбек демалысына шықты.
«Ақылдыдан қалған асыл сөз». Димаш ағаның «Ақиқаттан аттауға болмайды» ғұмырнамалық кітабын оқығанда, ғибраты мол ғұмырдан ұрпақ түйер ұлағат аз емес. Онда Қазақстанның тарихы, ел экономикасы, әлеуметтік дамуы, мәдени өсіп-өркендеуі, қаншама өнегелі іс, өміршең тірлік жатыр. Ойы қандай салмақты, сөзі қандай өрнекті. Даналық деген осы. Ақылды ағадан қалған сөз ұрпаққа жұғысты болғай:
- Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
- Ақиқаттан аттап кету арға сын.
- Ақиқат ағын суды да тоқтатады.
- Өз басыңа тілемейтін істі, өзгеге тілеме.
- Билік оңай, біліп айту қиын.
- Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
«Тұлға туралы ой маржандар» «Елу жыл ел ағасы» кітабында жазылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктерден үзінді оқылды.
Нұрсұлтан Назарбаев: /ҚР Президенті/ «Димекең өз заманының перзенті болған ірі тұлға. Ол кісінің артықшылығын да, кемшілігін де біз сол заманнан бөле-жара қарауға қақымыз жоқ. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі – бәрімізге ұстаз болған ұлы адам».
Джавахарлал Неру /Индияның премьер-министрі/: «Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық – қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент - Дінмұхамед Қонаев».
Бәйкен Әшімов /Қазақ ССР-ның министрлер кеңесінің төрағасы/
«Димаш Ахметұлы – өз халқының болашағы үшін көп еңбек сіңірген адал ұлы».
Дуайт Эйзенхауэр /АҚШ президенті 1960ж./: «Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген Адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы».
Асанбай Асқаров: «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ХХ ғасырдың және өз халқының көрнекті, адал перзенті бола білген адам. Ондай жандар тарихта көп болғанымен әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға».
Геннадий Толмачев, жазушы, 1997 жыл: «Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім. Оған теңіздей сүйкімділік, жарқыраған даналық, таңқаларлық сана, шалқыған қайырымдылық, көңілді болмыс тән еді».
«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» деп еліміздің әнұранымен кураторлық сағат өз мәресіне жетті.
ВТиПО-21 топ студенттері.