Дискуссионная площадка
Мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бағдарламасы
Бағдарлама барысында педагогтер балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгереді. Әсіресе, ойын арқылы оқыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамыту, баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру сияқты бағыттар кеңінен қамтылған. Бұл мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
21.04.2026

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» Тәрбиешілер мен педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталады. Мұнда көбіне мыналар оқытылады: -мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдіс-тәсілдері
-бала дамуының ерекшеліктері (танымдық, тілдік, әлеуметтік, эмоционалдық даму)
-оқу қызметін тиімді жоспарлау
-ойын арқылы оқыту технологиялары
-педагогтің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін дамыту
-балалармен, ата-анамен жұмыс жүргізу тәсілдері
-инклюзивті білім беру негіздері
-жаңа білім беру стандарттары мен талаптары
19.04.2026
Курс өте пайдалы болды, көп нәрсе үйрендім. Енді алған білімімді ары қарай дамытып, оқимын деген ынтам артты. Бізге бағыт-бағдар беріп, сапалы білім ұсынған ұстаздарға үлкен рақмет! Еңбектеріңіз жемісті болсын!
19.04.2026
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысу мен үшін өте пайдалы әрі мазмұнды тәжірибе болды. Курс бағдарламасы қазіргі білім беру талаптарына сай құрылып, педагогтің кәсіби дамуына қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды тиімді үйлестіре алды. Курс барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері, заманауи оқыту әдістері, білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді жолдары жан-жақты қарастырылды. Әсіресе, балаға бағытталған оқыту, ойын арқылы дамыту, инклюзивті білім беру элементтерін енгізу сияқты бағыттар терең талқыланып, нақты тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекітілді. Бұл өз кезегінде алған білімді күнделікті педагогикалық қызметте қолдануға мүмкіндік береді.
Курс нәтижесінде мен өз кәсіби құзыреттілігімді арттырып қана қоймай, заманауи педагог ретінде дамудың жаңа бағыттарын айқындадым. Алған білімім балалармен жұмыс барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға, оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдасты
16.04.2026