seminar korrupsiya

    {tab=Программа круглого стола}

    Программа круглого стола «Правовая культура - основа антикоррупционной политики», посвященного международному дню борьбы с коррупцией

                          

    Время проведения: 09.12.2015  г. 15:00,  конференц-зал главного корпуса

    Модератор: А.С.Тасмагамбетов – председатель антикоррупционной комиссии, первый проректор, д.и.н., профессор

    Вступительное слово: А.С.Имангалиев – ректор Западно-Казахстанского государственного университета, д.п.н., академик

    Выступление руководителя отдела Департамента Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Западно-Казахстанской области Муратова Жаксата Муратовича. 

    Доклады: 

    1. 2015-2025 жж арналған сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясының құқықтық мәні. А.У.Самуратова – старший преподаватель кафедры правовых дисциплин ЗКГУ им. М.Утемисова 

    2. Совершенствование антикоррупционного законодательства как  одно из средств  борьбы с коррупцией. Э.С.Хабиева -  преподаватель кафедры правовых дисциплин ЗКГУ им. М.Утемисова

    3. Сыбайлас жемқорлықпен күреске студенттік өзін-өзі басқарудың қосар үлесі. Д.Жусипкалиев - студенческий ректор, студент 3 курса естественно-географического факультета

     

    {tab=Вступительное слово}

    Құрметті әріптестер! 

    Бүгін 9 желтоқсан  Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні.   Соған байланысты  университетіміздің қабырғасында "Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі" атты дөңгелек үстел  оздырылып отыр. 

    Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы 1998 жылдың 2 шiлдесінде алғашқы рет қабылданып,  кейін екі рет 2010 жылдың 29 желтоқсанында және 2015 жылдың 20 қарашасында    өзгерістер мен толықтырулар  енгізілді. 

    Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Жемқорлық - мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.

    Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді.

    «Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып саналғандықтан, оның алдын алу, болдырмау мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы» аясында мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен түрде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» жобасы шеңберінде құқық бұзушылыққа төзбеушілік акциялары, дөңгелек үстелдер, рейдттер тұрақты түрде жүзеге асып келеді.

    Қауіптің алдын–алу, болдырмау жөнінде  жастардың санасына адамгершіліктен айыратын табыс табудың оңай түрінің соңы неге 

    апаратындығын жете түсіндіруміз керек. Сондықтан қазіргі таңда қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамда  әр тұлғаның санасына құқықтық мәдиенетті қалыптастыру аса маңызды болып табылады.  Сол себепті де университетте құқықтық мәдениетті одан әрі арттыру, түсіндіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнінде көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі дөңгелек үстелдің осы шара аясында оздырылып отыр.  

     

                         Дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тілеймін.

    {tab=2015-2025 гг }

    2015-2025 жж. арналған сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясының құқықтық мәні

    «Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — ақшаға сатып алу және саяси қайраткерлерді, мемлекеттік шенеуніктерді, лауазымдық тұлғаларды сатып алу дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық (лат.соrrumpere) біреуді ақшамен немесе басқа да материалдық құндылықтармен сатып алу.  

    Рим құқығында «соrrumpere» түсінігінің мағынасы – жалпылап айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау», «параға сатып алу» және сот процесінде заңсыз әрекеттенуді білдірді. Нәтижесінде мақсаты - сот процесіне немесе қоғамдағы істерді басқару процесіне бөгет болатын, бірігіп әрекет жасайтын (екі адамнан  кем емес) тұлғалардың әрекеті деген түсінік пайда болады.

    Ғылыми, оқу және қоғамдық публицистикалық әдебиеттерден сыбайлас жемқорлыққа әртүрлі анықтама алуға болады. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас жемқорлық пара беріп, сатып алу, лауазымды тұлғалардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.

    Сыбайлас жемқорлық бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы.

    Сыбайлас жемқорлыққа: парақорлық, непотизм (жеке байланыстар, немесе «өз адамдары» негізінде туысқандарын пайдалы орындарға немесе лауазымдарға орналастыру) және жеке бас мүддесі үшін мемлекет қаржысын иемдену кіреді.

    Сыбайлас жемқорлық түсінігіне анықтама беруде әртүрлі көзқарастардың болуы осы құбылыстың өте күрделі мәселе екенін білдіреді және оны жан-жақты зерттеуді талап етеді.

    Біздің түсінігіміз бойынша сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде лауазымдық тұлғалар мен қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы үшінші тараптың мүддесіне зиян келтіре отырып, пайда алу мақсатында өз лауазымын пайдалану болып табылады.   

    2014 жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясы мемлектіміздің жаңа саяси бағытындағы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.

    Қазақстанның жемқорлық мәселесі бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға белгілі.

    Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

    Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

    Әлеуметтік шығу тегі мен мүліктік жағдайына қарамастан, оның кезінде басшылық орындарға қабілетті және кәсіби дайындалған адамдар орналасатын меритократия қағидаттарының негізінде мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасты, оның ішінде мемлекеттің әрбір органы мен лауазымды адамының функциялары мен өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылып және айқындалып қалыптасты.

    Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту мен мемлекеттік аппараттың жұмысын ақпараттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды.

    Қазақстанға әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге мүмкіндік берген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, ұлттық экономиканың өсуі, бизнесті жүргізу жағдайларын, халықтың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін жақсарту, электрондық үкіметті енгізу жөніндегі қолданылып жатқан шаралар да заңға бағыну мәдениетін және жүріс-тұрыстың жалпы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.

    Сонымен бірге экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік берер еді.

    Бұл орайда қазіргі кезеңде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны (бұдан әрі – Стратегия немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) айқындайтын жаңа бағдарламалық құжатын қабылдау қажеттігі болып тұр.

    Мұндай құжатта сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шараларға жетекші рөл берілуі тиіс. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.

    Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою, Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен тиімді қорғау жөніндегі шаралардың басымдығын да көздейді.

    Тұтастай алғанда, мұндай Стратегия мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, жан-жақты және дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенінің әзірленуін және жүзеге асырылуын көздеуге, сөйтіп, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ, жекеше секторда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, қазақстандық азаматтардың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға тиіс.

    Бұл ретте Стратегия айқындайтын базалық бағыттар түпкілікті болуы мүмкін емес. Олар жекелеген іс-шаралардың орындалуына байланысты және сыбайлас жемқорлық құбылысына, оның себептеріне, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысты ынталандыруға терең талдаудың нәтижелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы істердің жай-күйін байсалды және объективті бағалауды ескере отырып түзетілуге тиіс.

    Қазақстандық мемлекет дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды, оларды күшейту және дамыту ел дамуының қазіргі заманғы кезеңіңде осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны табысты іске асырудың кепілі болады.

    Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз құбылыспен күрестің мақсатын, міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдады.

    2001 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болуының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі нақты шаралар қабылдануда.

    1999 жылдан бастап қолданыстағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және 2005 жылы Мемлекет басшысы бекіткен Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі Қазақстанда есеп берушілік, ашықтық және меритократия қағидаттарында құрылған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін негіз жасады.

    Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реттеуші және құқық қорғау функцияларын біріктіретін арнайы мемлекеттік орган құрылды. Ол мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен өткеру және мемлекеттік аппарат тазалығына мониторинг жүргізу мәселелерін реттеуге ғана арналған емес, оған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның профилактикасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциясы да берілген.

    Бұл ретте алдын алу-профилактикалық қызмет жаңа құрылған орган үшін басымды болып табылады.

    Жаза бұлтартпастылығы қағидаты табысты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасағаны үшін әшкереленген шенеуніктер атқарып отырған қызметтері мен шендеріне қарамастан, заңның барынша қатаңдығы бойынша жауапты болады.

    Қылмыстық-құқықтық саясат сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін лауазымды адамдардың қатаң жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

    Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатал жауапкершілік қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген.

    Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарға мерзімнің ескіруі қолданылмайды, шартты түрде соттауға тыйым салынған, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойына тыйым салу енгізілді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін басшылардың дербес жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» деген маңызды ұғым бекітілген.

    Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтумен қатар олардың әлеуметтік кепілдіктері де жетілдірілуде.

    Мемлекеттік аппараттың еңбекақысын кезең-кезеңмен, үнемі көтеріп отыру мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуін арттыруға және олардың өз міндеттерін адал және әділ негізде орындауы үшін жағдайлар жасауға арналған.

    Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасында құқық тәртібі органдарына деген сенім деңгейін арттыруға, мінсіз жүріс-тұрыспен және құзыреттіліктің жоғары деңгейімен ерекшеленетін персоналды қалыптастыруға бағытталған шаралар көзделген.

    Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданды.

    Жер-жерде ақпаратқа колжетімділік кеңейтілді, оған электрондық үкіметті, сондай-ақ мемлекеттік және жекеше құрылымдардың интернет-ресурстарын қалыптастыру жөніндегі шаралар ықпал етті.

    Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы, оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуы үшін жағдайлар жасалды.

    Елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті, халықтың сапалы және тез арада мемлекеттік қызметтерді алуын қиындататын әкімшілік кедергілер жойылуда.

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңның қабылдануымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалды, рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайды. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін бағалау және оның сапасын сыртқы бақылау жүйесі қалыптастырылды.

    Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерін бұзу саны (2012 жылмен салыстырғанда 8,7 есеге) және оларды көрсету сапасына шағымдардың саны (25%-ға) жыл сайын төмендеп келеді, сондай-ақ автоматтандырылған қызметтердің үлесі (2 еседен астам) және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі (51%-ға) ұлғайды.

    Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру деңгейі артуда, бұл бәсекеге қабілетті ортаның қалыптасуына, бюджет қаражатының ашық және тиімді игерілуіне ықпал етеді.

    Экономиканың мемлекеттік емес секторында кәсіпкерлік қызметті жүргізу, жұмысқа орналасу және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

    Тұтастай алғанда, аталған шаралардың қабылдануы Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Орталық Азия өңірінде де, ТМД елдері арасында да көшбасшы орындардың бірін алуға мүмкіндік берді.

    Күрделі, тарихи өзгермелі, келеңсіз әлеуметтік құбылыс болып табылатын сыбайлас жемқорлық адамзат өркениеті дамуының ерте кезеңдерінде пайда болғаны мәлім.

    Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің әмбебап және бәрін қамтитын анықтамасының жоқтығына қарамастан, оған ең алдымен шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануын жатқызады, ал оның неғұрлым таралған түрлері ретінде әдетте шенеуніктерді сатып алу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану болып танылады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеудің күрделілігі оның жеке алғанда әрбір мемлекет үшін ерекшеліктеріне және оның өзгермелі сипаттамаларына қарай қиындықтарына да байланысты.

    Сыбайлас жемқорлықтың себептерін, жағдайлары мен салдарларын айқындаған кезде жергілікті діл, ұлттық және діни ерекшеліктер, құқықтық мәдениеттің деңгейі сияқты факторлар ескерілуі тиіс.

    Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-қимылдың басты шарттары билік органдарының қоғамға есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен әділдігі, баяндауда анық және қолдануда күрделі емес заңдар, мемлекеттің кадр саясатындағы меритократия, мемлекеттік рәсімдердің ашықтығы және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздігі болып танылады.

    Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған, біздің қоғамның мәдениеті мен этикасын, осы әлеуметтік зұлымдықпен күрестегі халықаралық трендтерді ескеретін біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға деген қажеттілік айқын бола түсуде.

    Стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың жаңа тетіктері мен құралдары үшін негіз болады.

    Тікелей құқық қорғау құрамдасынан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта мемлекеттік басқарудың, мемлекеттік қаражатты бөлудің және пайдаланудың ғылыми негізделген нысандары мен әдістерін таңдау және осының негізінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою да маңызды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың түрлі салалар мен аяларда таралу деңгейін бағалау, мемлекеттік, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті нормативтік-құқықтық реттеудегі олқылықтарды, мемлекеттік-құқықтық реттеу тетіктерінде туындайтын проблемаларды анықтауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет процесінде құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуге ықпал етеді.

    Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін қозғайтын шешімдерді қабылдаған кездегі ашықтықтың жеткіліксіз болуы, мемлекеттік аппараттың қызметінде тиісті азаматтық бақылаудың және қоғамдық пікірді ескерудің болмауы артық төрешілдікке, әкімшілік кедергілер мен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануға алып келеді, бұл жиынтығында сыбайлас жемқорлық көріністерінің өсуіне ықпал ететін келеңсіз факторларды қалыптастырады.

    Ұлттық заңнаманың базалық салаларының болып жатқан сапалы жаңаруына қарамастан, қолданыстағы ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерде басты проблема тиісті құқық қолдану мәселелерінің шешілмеуі болып қалып отыр.

    Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау құралдарының барлық арсеналын пайдалану әлі де өзекті проблема болып табылады.

    Қолданыстағы заңнаманың және қазақстандық құқыққа тән институттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін пайдаланылмаған әлеуеті бар, оны толыққанды іске асыру мүмкіндігі осы саладағы шетелдік модельдер мен тәжірибені енгізу мәселелерін қараған кезде барынша ескерілуге тиіс.

    Алдын алу-профилактикалық жұмыста да жүйелік жоқ.

    Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау басымдық болуы тиіс.

    Бұл ретте назар жергілікті билік органдарының қызметіне де аударылуы тиіс, өйткені, өңірлердегі істердің жай-күйі үшін олардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі кеңейтіледі және дәл солар өз мемлекеттік көрсетілетін қызметтерімен азаматтардың күнделікті мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

    Тұтастай алғанда, уәкілетті органның қызметінде оның құқық қорғау және реттеуші функциялары арасындағы теңгерім сақталуы тиіс.

    Мемлекеттік функцияларды орындаған кездегі мүдделер қақтығысы да мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін маңызды себептердің бірі болып табылады. Мемлекеттік функцияларды, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру тетіктерін егжей-тегжейлі талдау сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал ететін себептерді айқындауға және жоюға мүмкіндік береді.

    Осы күнге дейін азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықтық ағартуға, әсіресе, халықтың күнделікті өмірінде неғұрлым сұранысқа ие қолданыстағы құқықтың салалары мен нормалары бойынша жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат негізінен бір жолғы акциялармен және науқандармен, бұқаралық ақпарат құралдарындағы шаблон түріндегі сөздермен шектеледі, интернет-кеңістік жеткіліксіз пайдаланылады.

    Іс жүзіндегі ақпараттық өріс сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда қоғамды шоғырландыруға әрдайым ықпал ете бермейді.

    Сыбайлас жемқорлық проблемаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет қабылдап жатқан шаралардың тиімділігін зерделеуге арналған социологиялық зерттеулердің деңгейі мен сапасы жетілдіруді қажет етеді. Қызметтік этиканың нормалары мен қағидаларын бұзушылықтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өзінен әлі де заңнамалық деңгейде аражігі ажыратылған жоқ, бұл сыбайлас жемқорлықтықтың нақты көрінісін бұрмалайды, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өзекті бағыттарына күш-жігерін шоғырлауға кедергі жасайды және елдің сыбайлас жемқорлық рейтингісінің негізсіз өсуіне әкеледі.

    Бұл ретте сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері мен тиісінше оларды жасағаны үшін қолданылатын жаза деңгейлері арасындағы аражік нақты ажыратылмаған.

    Жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне деген тәсілдерді де айқындау уақыты келді.

    Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуы сыбайлас жемқорлықтың таралу саласын және оның анықтамасына жататын адамдар тобын айқын түсінуге негізделуі тиіс. Бұл ретте бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілер мен елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету ісінде қиындықтар жасалмауы тиіс. Тұтастай алғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы қысқаруға тиіс.

    Тәуелсіз Қазақстанның жалпы әлемдік кеңістікке одан әрі кірігуі бойынша жасап жатқан қадамдары біздің елімізді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қабылданған белгілі бір халықаралық стандарттарды ескеруге міндеттейді.

    Сонымен бірге, мұндай стандарттар шетелдік серіктестердің ұсынымдарын пайдаланып қана енгізілмеуі тиіс. Халықаралық тәжірибе оның ережелерінің ел Конституциясына, қалыптасқан заңнамалық және құқық қолдану практикасына сәйкес болуы тұрғысынан, дәстүрлі және біздің елге тән құқықтық тетіктер мен институттардың қалыптасу және жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, мұқият зерделенуге және егжей-тегжейлі талдауға жатады.

    Құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң магистрі А.У.Самуратова

    {tab=Совершенствование  антикоррупционного законодательства}

    Совершенствование  антикоррупционного законодательства как  одно из средств борьбы с коррупцией

    В Послании Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» - новый политический курс состоявшегося государства» указано что коррупция - не просто правонарушение. Она подрывает веру в эффективность государства и является прямой угрозой национальной безопасности.

    В Казахстане существует закон от 2 июля 1998 года «О борьбе с коррупцией». Параллельно с ним действуют различные программы по борьбе с коррупцией, в том числе «Государственная программа борьбы с коррупцией на 2006–2010 годы», отраслевая Программа по противодействию коррупции на 2011–2015 годы. Во исполнение поручений Главы государства, содержащихся в Плане нации «100 конкретных шагов» был  принят  Закон РК «О противодействии коррупции», который  вступит  в  силу 1  января  2016 году. 

    Принятые программы направлены на снижение уровня коррупции посредством повышения эффективности координации деятельности государственных органов и институтов гражданского общества. Среди задач программ основными являются, во-первых, обеспечение защиты прав, свобод и законных интересов граждан и общества от коррупции, во-вторых, совершенствование национального законодательства по вопросам противодействия коррупции, включая такие аспекты, как предупреждение, выявление и пресечение коррупционных правонарушений. 

    В целях выработки комплекса взаимосвязанных мер, направленных на противодействие коррупции постоянно совершенствуется законодательная база по противодействию коррупции:

    В целях выработки комплекса взаимосвязанных мер, направленных на противодействие коррупции, которые будут реализованы как государственными органами, так и гражданским обществом, с момента принятия Закона Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией» (в 1998 году) постоянно совершенствуется законодательная база по противодействию коррупции:

    1) для усиления инвестиционной привлекательности снижены административные барьеры, затрудняющие процедуры оказания государственных услуг населению, а также сокращено количество лицензируемых видов деятельности и разрешений;

    2) создано электронное правительство, обеспечивающее обратную связь государства с населением, посредством интернет ресурсов. Каждый государственный орган обеспечивает функционирование своего веб-сайта, руководители министерств и ведомств на правительственном портале создали личные блоги;

    3) осуществляется активная государственная поддержка развития институтов гражданского общества в виде разработки и принятия соответствующих нормативных правовых актов, льгот и размещения социального государственного заказа среди неправительственных общественных организаций привело к возрастанию активности населения в антикоррупционной деятельности;

    4) активизирована работа антикоррупционных общественных организаций и политических партий, активно участвующих в законотворческой деятельности;

    5) в целях реализации международных соглашений и международного сотрудничества в области борьбы с коррупцией 4 мая 2008 года Республикой Казахстан ратифицирована Конвенция Организации Объединенных Наций против коррупции, а также подписаны 12 соглашений с правительствами Румынии, Польши, Эстонии, Хорватии, Грузии, Словакии, Латвии, Китая, Турции, Объединенных Арабских Эмиратов, Египта и Франции по вопросам противодействия коррупции;

    6) уголовная политика направлена на ужесточение ответственности должностных лиц за совершение ими коррупционных преступлений;

    7) для лиц, ранее уволенных с работы за совершение коррупционных правонарушений, введен пожизненный запрет на занятие должностей в государственных органах;

    8) введено обязательное проведение антикоррупционной экспертизы проектов и действующих нормативных правовых  актов в рамках проведения правового мониторинга с целью выявления норм, способствовавших возникновению коррупционных проявлений. Эту деятельность на постоянной основе осуществляют государственные органы, которые займутся поиском имеющихся, но пока не обнаруженных коррупциогенных норм в действующем законодательстве. Иными словами, сформированный в Казахстане механизм оценки нормативных правовых актов на коррупциогенность заметно снижает коррупционные риски и способствует разрушению функционирующих в настоящее время коррупционных схем;

    9)  проводятся аттестации сотрудников правоохранительных органов.;

    10) в административном законодательстве определен перечень 7 коррупционных правонарушений.

    В разработке Закона РК «О противодействии коррупции» участвовали эксперты Сингапура, США, Италии и других стран. С учетом международных стандартов законом разграничены уровни нарушений норм и правил служебной этики от конкретной коррупции.

    Согласно закону, коррупционным правонарушением является деяние (действие или бездействие), имеющее признаки коррупции, за которое установлена только уголовная или административная ответственность. Закон вводит новое определение «коррупции», которое предусматривает получение или извлечение лично или через посредников имущественных (неимущественных) благ и преимуществ, в том числе в отношении третьих лиц. Теперь к лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций, также отнесены работники квазигосударственного сектора. При этом квазигосударственные организации, в том числе и в добывающей отрасли, определяются как субъекты противодействия коррупции.

    Исходя из изложенного в законопроекте предпринята попытка реализации следующих положений. Первое - поскольку коррупция представляет собой явление, обладающее многоструктурным, многоуровневым содержанием, при разработке мер противодействия их требуется системный и комплексный подход».  Второе- законодательство должно обеспечить создание атмосферы нетерпимости коррупции, реализация эффективной примитивной антикоррупционной политики, совершенствование организации работ государственных органов.  Третье - противодействие коррупции должно носить общенациональный характер, базироваться на принципах партнерства субъектов антикоррупционной политики, приоритета нравственных начал и мер предупреждения коррупции. 

    Система мер противодействия коррупции включает:

    1) антикоррупционный мониторинг;

    2) анализ коррупционных рисков;

    3) формирование антикоррупционной культуры;

    4) выявление коррупциогенных норм при производстве юридической экспертизы в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

    5) формирование и соблюдение антикоррупционных стандартов;

    6) финансовый контроль;

    7) антикоррупционные ограничения;

    8) предотвращение и разрешение конфликта интересов;

    9) меры противодействия коррупции в сфере предпринимательства;

    10) выявление, пресечение, раскрытие и расследование коррупционных правонарушений;

    11) сообщение о коррупционных правонарушениях;

    12) устранение последствий коррупционных правонарушений;

    13) формирование и публикацию Национального доклада о противодействии коррупции.

    Антикоррупционный мониторинг - деятельность субъектов противодействия коррупции по сбору, обработке, обобщению, анализу и оценке информации, касающейся эффективности антикоррупционной политики, состояния правоприменительной практики в сфере противодействия коррупции, а также восприятия и оценки уровня коррупции обществом. Источниками антикоррупционного мониторинга являются правовая статистика и обращения физических и юридических лиц, сведения неправительственных и международных организаций, данные социологических опросов и публикаций в средствах массовой информации, а также иные не запрещенные законом источники информации. Результаты антикоррупционного мониторинга могут являться основанием для проведения анализа коррупционных рисков, а также совершенствования мер, направленных на формирование антикоррупционной культуры.

    Анализ коррупционных рисков (внешний и внутренний) - выявление и изучение причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений.

    Формирование антикоррупционной культуры - деятельность, осуществляемая субъектами противодействия коррупции в пределах своей компетенции по сохранению и укреплению в обществе системы ценностей, отражающей нетерпимость к коррупции. Формирование антикоррупционной культуры осуществляется посредством комплекса мер образовательного, информационного и организационного характера. Антикоррупционное образование - непрерывный процесс воспитания и обучения, осуществляемый в целях нравственного, интеллектуального, культурного развития и формирования активной гражданской позиции неприятия коррупции личностью. Информационная и организационная деятельность реализуется путем проведения разъяснительной работы в средствах массовой информации, организации социально значимых мероприятий, государственного социального заказа в соответствии с законодательством Республики Казахстан и иных мер, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

    В Послании Президента РК - Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» было сказано, что   с 1 января 2016 года начнут работать 80 законов,  в  их  числе законы об общественных советах и о доступе к информации. Эти законы призваны обеспечить прозрачность в деятельности государственных институтов и их подконтрольность обществу.

     

    {tab=Студенттік өзін-өзі басқару }

    Сыбайлас жемқорлықпен күреске студенттік өзін-өзі басқарудың қосар үлесі

    Құрметті  жиынға қатысушылар!

    Студенттік өзін–өзі басқару ұйымының тарихы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор оқытушылар құрамының қызметімен тығыз байланысты. «Жастар – болашағымыздың тірегі» деп әркез айтып жүретін Елбасының болашаққа бастайтын Нұрлы жолымен біз жастар ілгері басып келеміз.

    Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

    Студенттік өзін–өзі басқару ұйымы жұмыс бағытын атаулы және адрестік жұмыстарға өзгертті. Студенттік өзін–өзі басқару ұйымының тікелей қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау  туралы ірі-ірі жобалар бастау алып, бүгінде тиісті деңгейде іске асырылып отыр. Атап айтар болсақ, студенттің алған білімін нақтылап оқу үлгерімін көрсететін меже, яғни сынақ емтиханы болып табылады. Емтихан кезінде болуы мүмкін келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында 2005-2006 оқу жылынан бастап, университетіміздің студенттік өзін–өзі басқару бөлімі құрылғаннан университет ректорының бұйрығымен жыл сайын қысқы және жазғы сессия барысын қадағалайтын жемқорлыққа қарсы комиссия құрылады. Әр оқу жылында өз жұмысын университет ректоры А.С.Иманғалиевтің бұйрығына сәйкес студенттік өзін-өзі басқару мүшелері жазғы, қысқы емтихан кезінде әрбір факультетке бақылаушы ретінде тағайындалатын болады. Аталған комиссияның құрамында студенттік өзін–өзі басқару мүшелері әр сессия сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді.

    2015 жылдың 15 мамыры күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға алып келетін жағдайлардың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және профилактика» атты облыстық семинар өткізілді. Семинар жұмысына Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы, БҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  департаменті мен Орал қалалық студенттер альянсының өкілдері шақырылып,  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті, Батыс Қазақстан инженерлі-гуманитарлық университеті профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.  

    «Таза сессия» акциясы оздырылды. Акция барысында, Халықаралық жемқорлық күніне орай факультеттер арсында қабырға газеттер байқауы. Дөңгелек үстелдер, түсінду жұмыстары жүргізіледі, сенім телефоны жұмыс жасайтыны хабарланады.

    Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай қараша, желтоқсан айларында факультет студенттік декандары 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы күрес» атты ақпарат сағаты өткізілді. 

    Бүгінгі таңда оның қоғамда етек алуы, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық, алдын алу, жолын кесу т.б зардаптарын жою керектігі туралы кең көлемде ақпарат берді.

    Жас Отан ЖҚ БҚОФ  ұйымдастыруымен БҚМУ студенттерінің қатысуымен «Жемқорлықсыз ел, гүлденген ел» атты жастар акциясы оздырылды. Акция аясында флеш моб ұйымдастырылды.

    Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қатысып, БҚМУ студенттері ашық келісімді толық қолдайтындығын білдірді.

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Елбасының жастарға артқан сенімінің орындалып жатқандығына куәміз.

    Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

    Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдан аса уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ішінде өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

    Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек

     

    М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттік ректоры Д.Н.Жүсіпқалиев 

     

    {tab=Сыбайлас жемқорлық – қоғам  дерті }

    Сыбайлас жемқорлық – қоғам  дерті

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан Жаңа Жахандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды 1998 жылы қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілік-пен жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту үрдісін баяулата-тын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің дамуына қауіп төндіретін құбылыс. Тәуелсіз мемлекеттер ішінде жегіқұртқа құқықтық тұрғыда тосқауыл қоюдың алғашқы қадамын жасаған да Қазақстан болғанын айта кеткен жөн. Әрине, заңды қабылдап, жыл сайынғы Жолдауларда жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу тетіктерін белгілеп беру кеселді тамырымен жоюға қауқарлы еместігін уақыттың өзі көрсетті. Мұндай ұлт болашағына, мемлекет дамуына қатысты үлкен іске қөпшілікті ұйыта білген орынды. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру маңызды. Еліміздегі барлық мемлекеттік органдар, құзырлы мекемелер осыны жадында ұстағаны жөн.

    Сыбайлас жемқорлық қазiргi қоғамнан тұрақты түрде мұқият зерделеудi, жүйелi ұстанымды, кешендi және жедел қарсы iс-қимылды талап ететiн жағымсыз құбылыс болып табылады.

    Елдегi сыбайлас жемқорлықтың деңгейi мен ауқымы экономикалық дамуға кедергi жасайды, инвестициялық ахуалға жағымсыз әсерiн тигiзедi, елдiң имиджiн, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген халықаралық қызығушылықты төмендетедi. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Қазақстанның мемлекеттiк саясатының негiзгi басымдығы болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың жинақталған тәжiрибесi жүргiзiлiп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиiмдiлiгiн арттыруға жақсы әлеует болып табылады.

    Биылдан бастап қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодексте жемқор шенеуніктерге қатысты қолданылатын жаза бұрынғыдан да қатайтылып, ендігі жерде алақаны таза емес басшылар мемлекеттік қызметпен өмір бойына қош айтысатын болды. Осындай жұмыстардың қорытындысымен өздеріне берілген өкілеттіктерді жеке мүдделеріне пайдаланатындардың саны едәуір азайды. Мемлекетке келтірілген залалды жүздеген айлық көрсеткіш есебіндегі айыппұлмен шектеу де тәжірибеде өзінің оң нышанын көрсетіп келеді. Елбасымыз да өзінің халыққа арнаған жолдаулары мен таяуда ғана бүкіл ел болып талқылаған «100 нақты қадамында» жегіқұрт іспеттес жемқорлықты ауыздықтамайынша, демократиялық қоғам құрудың мүмкін еместігін күн тәртібінен түсірген емес. Жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жер-жердегі құрылымдарында да батыл қолға алынып отыр.

    Жалпы Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында оқу орындары көлемінде көптеген іс-шаралар жүйесі жасақталып, жоспарға сай әр түрлі шаралар өтуде. Атап өтетін болсақ бірінші 2015 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған шаралар көрсетілген екіжақты меморандумға қол қойды. Осы қол қойылған меморандумға сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих, экономика және құқық факультетінде биылғы жылдың 12 қарашасы күні «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенттері арнайы берілген қылмыстық іс бойынша сот отырысын  рөлдік ойын түрінде өткізді. Аталған шараға студенттер белсенділік танытып, өз рөлдерін өте жақсы деңгейде орындап шықты. Студенттер осы шарада теория жүзінде алған білімдерін практика жүзінде пайдалана алды. Екінші тарих, экономика және құқық факультетінде жемқорлыққа қарсы күресті насихаттайтын қабырға газеттері ілінді.  Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің қолдауымен 9 желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық  күрес күнін атап өту үшін Назарбаев мектебі, №11 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат кешені, Подстепный мектептерінде оқушылар арасында  пікір-сайыс ойындары өтті. Осы шарада БҚМУ студенттері төрешілік етіп,  белсенділік танытты.  Алдағы уақытта да бұл шаралар өз жалғасын тапса студенттер болашақтағы өз мамандықтарын жетік меңгерері анық.   

    Жемқорлық - жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекетке деген сенімді сетінетіп, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін кесел. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтегі кез-келген азамат адамгершілік арына дақ түсірмей антына адалдық танытуы тиіс.

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес - мемлекетіміздің дамуына қосылған үлес. Ал біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.  

     Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын, нигилизмді жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор деп ойлаймын. 

     

    С.М.Нұрғалиев  құқықтану мамандығының  3-курс   студенті М.Өтемісов атындағы  БҚМУ, «Қазақстан студенттері альянсының» көшбасшысы

     

    {tab=Конкурс плакатов}

    Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған плакаттар байқауы

    Үздік жұмыстардың авторлары

    1. 09203- топ менеджмент

    2. 09205-топ есеп және аудит

    3. 08302-топ құқықтану

    4. 11202-11402-топтар вокалдық өнер

    5. Д-11-топ дизайн