Жас маманымыз - жеңімпаз!

    Бүгін Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай және ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын шығармашыл оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау;

    оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын шыңдау және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету; оқытушылардың ересектер аудиториясына негізделген қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу; оқытушылардың қазақ тілін меңгертудің озық үлгісіндегі авторлық бағдарламалары мен педагогикалық тәжірибелерін тарату мақсатында өткізілді. 

    Бұл байқауға арнайы тілдерді оқыту орталықтары оқытушылары мен қоса, жоғары, арнаулы кәсіптік-техникалық оқу орындарының, мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік тілді үйлестіруші, әдістемелік орталықтың да мамандары қатысқан болатын.  Байқау қорытындысы бойынша университетімізден филология факультеті, қазақ филологиясы кафедрасының магистр оқытушысы, жас маман Мырзағалиева Айгерім Сидеғалиқызы қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

    050620

     

    Our address

    Republic of Kazakhstan, Uralsk, N.Nazarbayev ave.162,

    tel/fax: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Stay in touch